Абдуллаева Макпал Рысбековна » Ж.Қаипов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Қаипов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Абдуллаева Макпал Рысбековна
28
декабрь
2022

Абдуллаева Макпал Рысбековна


 Мен, Абдуллаева  Макпал   Рысбековна   2012  жылы мұғалімдік еңбек жолымды бастадым.  2012 жылдан бастап «Ж.Қаипов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   мектеп психолыгы және өзін-өзі тану  пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жұмыс істеп келемін. 

   2009 жылы қыздар педагогикалық университетін педагог-психолог мамандығы бойынша  бітірдім. Жалпы педагогикалық еңбек өтілім 8 жыл, оның ішінде Ж.Қаипов атындағы орта мектепте 8 жыл. 2014-2015 оқу жылында екінші біліктілік санатын алдым. Жалпы кәсіптік қызметімдегі алға қойған мақсатым мен ұстанымым: «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында нәтижеге бағытталған оқытудың заманауи нысандары мен әдістерін қолдану жолдарын арттыра отырып,адам бойындағы адами құндылықтарды дамыту ,өмірде пайдалана білуге машықтану »

   Өзекті мәселем: «Білім мазмұнын жаңа  инновациялық  технологияның әдіс-тәсілдерімен түрлендіре отырып,оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту,бес құндылықтарды білім алушылардың бойына барынша сіңдіру және өмірде қолдануға машықтандыру.» Өзекті мәселемді басшылыққа ала отырып, теориялық білімім мен әдістемелік шеберлікті жоғары деңгейде дамытып отыруға үнемі көңіл бөлемін. Өз ісіме жауапкершілікпен қарай отырып, оқушыларға өзін-өзін тану пәнінен терең білім беремін, үнемі сабақтарымда жаңа технология әдіс-тәсілдерін, дамыта оқыту технологиясын, сатылай кешенді талдау әдістерін тиімді қолданамын. Әрбір сабаққа тыңғылықты дайындалып,оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыруға,шығармашылықпен айналысуына жағдай жасаймын. Оқушыларды өз бетімен  ізденуге бағыттап, олардың функционалдық сауаттылықтарын және құндылықтарын арттыруға    күш жұмсаймын. 2020 жылы   наурыз  айында «педагог-сарапшы» біліктілік дәрежесі бойынша ұлттық біліктілік тестілеуінен өз пәнім бойынша 55 балл, педагогика,оқыту әдістемесінен 15,барлығы 70 балл бойынша өттім.

   Заман талабына сай ақпараттық білімім жоғары. Word, Power Point, Paint, Excel бағдарламаларымен еркін жұмыс жасай аламын. 2016 жылы сәуір  айында   «Өзін-өзі тану пәнінен оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері» тақырыбында және 2017 жылы қаңтар айында «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш пәндерінен және «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың қазіргі жаңа бағыттары және өзіндік әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында өз білімімді көтердім.   Шебер де жаңашыл мұғалімнің негізгі ерекшелігі-кәсіби құзіреттілік.Өз кәсіби шеберлігім мен жаңашылдығымды шыңдау мақсатында үнемі аудандық семинарларға қатысып отырдым. 

   Мектепте барлық іс шараларға белсене қатысып отырамын. Қоғамдық жұмыстарға да үлкен жауапкершілікпен қараймын. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі ретінде оқушылармен, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатып, оқушы бойында жоғары адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына көп мән беремін. Өзін-өзі тану  пәнінің онкүндігі кезінде 2017-2018 оқу жылында «Ынтымақ түбі береке» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткіздім. Ал қаңтар айында «Адам және мәдениеттілік» тақырыбы бойынша онлайн-сабақ көрсеттім.

Оқытуда заманауи озық әдістерді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру бағытында жұмыс істеймін. 

   2014 жылдың сәуір айында мектепішілік  аттестаттаудан өттім,  мерзімінен бұрын аттестатталушы ретінде педагог-сарапшыға өтініш жазып тесттен 70 балл жинап ,кәсіптік қызметке өзіндік талдау жасап, оның қорытындысы ретінде төмендегідей жетістіктерім мен марапаттарымды  ұсынамын:

1.  Аудандық білім бөлімінің мадақтамасы 2017ж

2.  Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы алғыс хаты 2016ж

3. «Нұр Отан» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының  құрмет грамотасы2017ж

4. «Платон» Халықаралық білім дамыту орталығының алғыс хаты 2018ж

5.  НИО Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада І дәрежелі диплом   2019ж

6.  ІІ республикалық «Үздік педагог» ІІІ дәрежелі диплом  2019 ж

7.  ІІ республикалық «Үздік педагог» олимпиадасына қатысқандығын растайтын сертификат     2019 ж