мекемесі педагог-ұйымдастырушының жартыжылдық есебі » Ж.Қаипов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Қаипов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » мекемесі педагог-ұйымдастырушының жартыжылдық есебі
14
июль
2023

мекемесі педагог-ұйымдастырушының жартыжылдық есебі

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ж.Қаипов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагог-ұйымдастырушы Н.Сабаканованың жартыжылдық есебі

ІІІ-ІV-тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар
ІV-тоқсан тәрбиенің 8 бағыты бойынша осындай жұмыстар атқарылды. 2023 жылдың сәуір айының 3-і күні «Өзін-өзі басқару» ұйымының оқушыларымен «Мектеп ережесінің орындалысын бақылау» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Сәуір айының 7-жұлдызында, 5-10-сынып оқушыларымен «Көңілді тапқырлар алаңы» өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, мәнерлеп оқуға, тапқырлыққа деген қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар дебаттар өткізіліп отырды.

«Өзін-өзі басқару» ұйымының 6-7 сынып оқушыларымен «Ауыл баласына ауылда оқу тиімді ме, әлде қалада ма?», «Интернет кітапты алмастыра алмайды» Теледидарды пайдасынан гөрі зияны көп деп санайды» тақырыптарында пікірсайыстар өткізіліп отырды. 17-сәуір күні «Өзін-өзі басқару» ұйымының оқушылары «Құстар біздің досымыз» тақырыбында суреттер салып, құстарға ұяшық жасап, қайырымдылық акциясын өткізді.18-сәуір күні «Халықаралық ескерткіштерді қорғау» күніне орай мектеп мұражайларына саяхат жасалды сонымен қатар, Есік қаласындағы археологиялық өлкетану мұражайына келген Ж.Жабаев мұражайының көшпелі көрмесімен танысты және жоғарғы сынып оқушыларын педагог-қйымдастырушы Н.Сабаканова Алматы қаласындағы ҚазМҰУ-дің тарих, журналистика факультетіне апарып, ондағы мұражайлар мен факультет жайында профессорлармен сұхбаттасып қайтты.




«Өзін-өзі басқару» ұйымының оқушыларымен «TALANT» студиясы ашылып, өздерінің ең алғашқы пьесаларын қойды.



11 сыныптар аралығында бірыңғай сынып сағаттары және салтанатты жиын өтілді.17-сәуір күні «Өзін-өзі басқару» ұйымымен «Менің ағашым» мектеп алдын көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Көгалдандыру жұмысына тек «Өзін-өзі басқару» ұйымынан басқа 9-11 сынып оқушылары мен ұстаздар да толық қатысты.





Сәуір айының 12-інші жұлдызында «Жас Ұлан» ұйымының оқушыларымен
«Ғарышкерлер әлемі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сонымен қатар Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Наурыз мерекесіне орай мектебімізде әр сыныптарда салт-дәстүрлерден көрініс көрсетіп, наурыз көже берілді. Шараға ата-аналар мен оқушылар, ұстаздар толық қатысып, мереке жақсы аталып өтілді.









Мектебіміздің түлегі 2 дүркін Қазақстан чемпионы Солтанғали Сания мен жаттықтырушысы Ерлан Ортыковпен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кешке Санияның сыныптастарымен кіші сынып оқушылары қатысты. Мақсаты балалардың бойындағы патриоттық тәрбиені оята отырып, елін, жерін сүюге дағдыландыру.

2023 жылдың 1-мамыр күні «Қазақстан халықтар бірлігі» күніне орай 8 сынып оқушыларымен «Ынтымақ күні мерекесі» өткізілді. Мерекеге 2-10 сынып оқушылары арасында өткізіліп, әр сынып ұлттық киімдерін киіп, өнерлерін көрсетті. 5-мамыр күні Мамыр мейрамдары қарсаңында «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» тақырыбында мектеп ескерткіштері мен ауылдағы ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды.




Салтанатты жиынға 1-11 сынып аралағындағы оқушылар қатысты. Салтанатты жиын кезінде «Өзін-өзі басқару»ұйымының оқушылары Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктері туралы өлең-шумақтарын айтып, патриоттық әндер мен билер орындады. Мамыр айының 5-жұлдызында «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымына мектебіміздің үздік және белсенді оқушылары қабылданды. «Жас Қыран» ұйымына 1-4 сынып аралығындағы сабақ белсенділері мен озат оқушылары қабылданды. Өзін-өзі басқау ұйымының оқушыларымен бірге Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына барып Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» спектакліне барып қайтты. Меломан кітап дүкеніне барып, кітаптар алды.

Мамыр айының соңғы күндері «Ж.Қаипов жұлдыздары» деген тақырыпта мектеп үздіктері мен дарынды оқушыларға арналған фестиваль өтті. Фестивальде дарынды және үздік оқуышлар марапатталды. Сонымен бірге мектеп директоры М.Уракбаева «Talant» студияның оқушыларын да биылғы атқарған жұмыстарына баға беріп, марапаттар тапсырылды.





31 мамыр Ашаршылық құрбандарын еске алу күнініе орай әр сыныптарда әртүрлі тақырыптарда сынып сағаттары өтілді.

Мектеп ақсақалы, музыка пәнінің мұғалімі Азатжан Бақасовты зейнет жасына шығарып салуға байланысты «Азатжан Бақасұлының даржолы» деген тақырыпта кеш өткізілді. Кешті ұйымдаструшылар «Талант» студия оқушылары мен педагог-ұйымдастырушы Н.Сабаканова. Кешке зейнеткер ұстаздың отбасы мен бірге оқыған достары және шәкірттері қатысты.

Алдағы жазғы демалыс көңілді өтсін деген мақсатта, студия оқушыларымен ауылымыздың көрікті жерлеріне саяхат жасап қайтты.
Балалар кұні мерекесіне орай ауыл кәсіпкерлерінің ұйымдастырумыен балаларға аниматорлар келіп, балаларға көңілді күн сыйлады. Мектеп қамқоршылық кеңесі балаларға балмұздақтар тартты.

Мектеп ұстаздары арасында ұжыммен «Бала жанының бағбаны» атты фестиваль өткізілді. Фестиваль өте қызықты, тартысты өтті. Әр бірлестік өз өнерлерін көрсетіп, эстафеталық ойындардан жарыс ұйымдастырылды.







Есепті жазған: Педагог-ұйымдастырушы Н.А. Сабаканова