Математика, информатика, физика пәндерінің 2022-2023 оқу жылының қорытынды есебі » Ж.Қаипов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Қаипов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Математика, информатика, физика пәндерінің 2022-2023 оқу жылының қорытынды есебі
14
июль
2023

Математика, информатика, физика пәндерінің 2022-2023 оқу жылының қорытынды есебі

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ж.Қаипов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Математика, информатика, физика пәндерінің 2022-2023 оқу жылының қорытынды есебі
Ж.Қаипов атындағы орта мектепте МИФ пәндері бірлестігінде 2022-2023 оқу жылында 11 мұғалім жұмыс атқарды. Оның ішінде 11 мұғалім жоғары білімді, 1 мұғалім орта техникалық білімді. Үш мұғалім зерттеуші санатында, бір мұғалім- сарапшы, 1 мұғалім- модератор, 1 мұғалім – екінші санатты, 1 мұғалім – бірінші санатты, төрт мұғалімде санаты жоқ.
Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән апталықтарын өткізу. Біздің мектебімізде де барлық пәндер бойынша пәндік апталықтарын өткізу дәстүрге айналған. Осы орайда, мектебімізде нақты ғылымдар - математика, информатика және физика пәндерінің атты апталығы өткізілді.
Мазмұнды да әрі тартымды өткен апталықтың мақсаты - математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды.
Биылға апталықтың ерекшелігі апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралардың көбісі «онлайн» режимінде өткізілді, яғни интеллектуалды сайыстар мен сыныптан тыс іс- шаралар, пікір сайыстары мен ашық сабақтар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілді.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.
Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. Ақпан айының 21.02-26.02.2023ж. күндері аралығында мектепте «Ғаламның ғажап үш тірегі» тақырыбында математика, информатика және физика пәндер апталығы өткізілді. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.
Апталықтың мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып , оқушылардың математика ,физика және информатика пәндер бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар қорытындысы төмендегідей

№Өткізілетін іс-шараларМерзіміСыныбыЖауапты
1Апталықтың ашылуы. «Ғаламның ғажап үш тірегі» 21.02.2022ж
10.25-10.35 (лездеме уақыты)Барлық сыныптарСынып жетекшілер
Пән мұғалімдері
2Ашық сабақ. «Тригонометрия формулалары»23.02.2022ж
08.50-09.359 «А» сыныпТанатова С.
3«Информатика әлемінде» интеллектуалды сабақ23.02.2022ж
10.00-11.005а,ә,б -сыныптарСәрсембиева А.
4Ашық сабақ. «Архимед заңы» 24.02.2022ж
15.10-15.557 «А» сыныпБайдуллаева Л.
5Ашық сабақ. «Электр тоғының жұмысы мен қуаты» 24.02.2022ж
09.40-10.258 «Б» сыныпМанапханұлы М.
6Ашық сабақ. «Көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралы» 24.02.2022ж
10.35-11.2011 «А» сыныпБайдавлетова М.
7 «Үшбұрыштар әлеміне саяхат» сайыс сабақ25.02.2022ж
14.00-15.008 а,ә -сыныптарТілек С.
8«Қызықты математика» сайыс сабақ. 25.02.2022ж
11.00-12.005а,ә,б -сыныптарСыдықбаева Д.
9Ашық сабақ. «Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу» 25.02.2022ж
13.30-14.155 «В» сыныпУразбаева Ж.
10Ашық сабақ. «Кестелерді берілген функциялардың графигін тұрғызу»26.02.2022ж
08.50-09.358 «Б» сыныпБабаева Т.
11Апталық қорытындысы. «Математиктер отбасы» жарыс сабақ26.02.2022ж
10.00-11.006 ә,б-сыныптарҚожамбердиева М.
Пән мұғалімдері

Іс-шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды. Барлық сабақтар жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдер бірнеше платформаларды пайдаланды.
2021-2022 оқу жылында МИФ бірлестігі бойынша жетістіктер төмендегідей:
1.Математика пәні бойынша аудандық пәндік олимпиададан 10 «А» сынып оқушысы Болат Аяла ІІ орын, жетекшісі Танатова С.
2.Физика пәні бойынша 10 «А» сынып оқушысы Сапарова Улбулсин ІІІ орын, жетекшісі Манапханұлы М.
3.Айқанат олимпиадасының Республикалық кезеңінен 10 «А» сынып оқушысы Орынбай Айдана ІІІ орын, жетекшісі Танатова С.
4.Қонаев атындағы математика пәні бойынша олимпиададан 6 «Ә» сынып оқушысы Халмат Әсел ІІІ орын, жетекшісі Қожамбердиева Мереке.


Бірлестік отырыстары.
МИФ бірлестігінде жалпы оқу жылында алты отырыс өтті. Бірлестік отырыстарында мектепішілік жоспарға сай күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылып, талқыланып отырды.




zh_aipov-mif-brles-zhyldy-eseb-2022-2023.docx [492,81 Kb] (cкачиваний: 10)
Посмотреть онлайн файл: zh_aipov-mif-brles-zhyldy-eseb-2022-2023.docx
zh_aipov-mif-brles-zhyldy-eseb-2022-2023.docx [492,81 Kb] (cкачиваний: 10)
Посмотреть онлайн файл: zh_aipov-mif-brles-zhyldy-eseb-2022-2023.docx
zh_aipov-mif-brles-zhyldy-eseb-2022-2023.docx [492,81 Kb] (cкачиваний: 10)
Посмотреть онлайн файл: zh_aipov-mif-brles-zhyldy-eseb-2022-2023.docx
zh_aipov-mif-brles-zhyldy-eseb-2022-2023.docx [492,81 Kb] (cкачиваний: 10)
Посмотреть онлайн файл: zh_aipov-mif-brles-zhyldy-eseb-2022-2023.docx
zh_aipov-mif-brles-zhyldy-eseb-2022-2023.docx [492,81 Kb] (cкачиваний: 10)
Посмотреть онлайн файл: zh_aipov-mif-brles-zhyldy-eseb-2022-2023.docx