психологиялық қызмет көрсету бойынша педагог-психологтардың жүргізілген жұмыстары туралы жылдық есебі » Ж.Қаипов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Қаипов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » психологиялық қызмет көрсету бойынша педагог-психологтардың жүргізілген жұмыстары туралы жылдық есебі
14
июль
2023

психологиялық қызмет көрсету бойынша педагог-психологтардың жүргізілген жұмыстары туралы жылдық есебі

«Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Ж.Қаипов атындағы орта мектеп » КММ







2022-2023 оқу жылында психологиялық қызмет көрсету бойынша педагог-психологтардың жүргізілген жұмыстары туралы жылдық есебі












. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
Ж.Қаипов атындағы орта мектеп КММ
2022-2023 оқу жылындағы психологиялық қызмет көрсету бойынша
педагог- психологтардың атқарған жұмыстарының жылдық есебі

Ж.Қаипов атындағы орта мектепте психологиялық қызмет көрсету бойынша мектеп психологтары жыл бойына айларына арнайы жоспар жасап,сол жоспар бойынша мұғалімдермен, оқушылармен,ата-аналармен жұмыс жүргізді. Бірінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңі алғашқы айларда баланың өз – өзімен және қоршаған ортамен қарым-қатынас жүйесі қалыптаса бастайды. Осы кезеңде үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасы жақсы қалыптасады. Бұл ерекшеліктерінің барлығы баланың келешектегі мектептегі оқу үлгеріміне, қарым-қатынастың тиімділігіне және мектеп өміріндегі жеке бастың ерекшелуіне мүмкіншілік туғызады. Мектепке бейімделу-әлеуметтік жағдайлар жүйесіне, қарым-қатынасқа, талапқа, түрлі іс-әрекетке және әлеуметтік қарым-қатынаспен мектептегі талаптар жүйесіне сіңіскен баланы бейімделген бала дейміз. Ал бейімделген бала дегеніміз- ол өзінің жеке басының, дене бітімінің, ақыл-ойының және басқа да ерекшеліктерімен толық дамуына лайықты баланы айтамыз. Мектептегі психологиялық қызметтің оқушылар,ата-аналар,педагогтермен жүргізілген жұмыстарына тоқтала кетсек,1-11 сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне қарай психодиагносткалық,психологиялық кеңес, психопрофилактика,психокоррекция,ағартушылық жұмыстары қажеттілігіне орай жүргізіліп отырды.
2022-2023 оқу жылында мектепке қабылданған балалардың бейімделу кезеңі жүрді. Балалардың мектепке бейімделу процесін анықтау үшін келесі әдістемелер іріктелініп алынды: «Нүктелер тобын көшіру» әдістемесі. Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін анықтау. Нәтижесі бойынша :
1 сынып оқушыларынан алынған әдістемелердің салыстырмалы көрсеткіштері
1 «а» 26 оқушы. Жоғары деңгей -94%, орта деңгей-5%, төмен деңгей-1.
1 «ә» 24 оқушы. Жоғары деңгей -96%, орта деңгей- 3%, төмен деңгей-1.
1 «б» 24 оқушы жоғары деңгей 93 % орта деңгей - 7 % төмен деңгей -0
1 «в» 22 оқушы жоғары деңгей 95 % орта деңгей 5 % төмен деңгей -0










Оқушыларға өмір туралы ынталандыратын видеороликтер көрсетіліп,түсінік жұмыстары жүргізілді. 5 сыныптардың бейімделу кезеңі бойынша жүргізілген жұмыстар. Түймедақ гүлі әдістемесі жүргізілді.
1 сыныптардың бейімделу кезеңіне байланысты оқушылармен жүргізілген әдістеме,жаттығулар жүргізілді.



1 сыныптардың бейімделуіне байланысты Керн-Ирасек әдістемесін жүргізу,Ер адамның суретін салу әдістеме сәті



1 сыныптардың бейімделу кезеңінде бір оқушыда психикалық дамуының тежелу ,сөйлеу тілінің дамымауының 1-2 деңгейі диагнозы бойынша арнайы ОПМК мамандарынан тексеруден өткізіліп,бала инклюзивті білім алатын оқушылар тізіміне қосылды. Екінші оқушыда қарым-қатынас қиындықтары,есте сақтау қабілетінің баяулығымен арнайы мамандардан тексеруден өтіп,ол оқушыда инклюзивті білім алатын оқушылар тізіміне қосылды. Ал дезадаптация процесі байқалған бір оқушымен ата-анасымен жеке жұмыстартар жүргізіліп,оқушы басқа сыныпқа ауыстырылды.











«Мен өмірді сүйемін» тақырыбында көрсетілген презентациялар және оқушылардың жұмыстары .Оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттер,жапсырма түрлі-түсті қағаздар.


Оқушылар мен ұстаздарға, ата-аналарға, психологиялық әр түрлі кеңестер берілді.Балалар салған суреттерін өз ойларын айтып,бәрімен бөлісті. Балалардың бұл салған суреттерінен бала бойындағы өмірге деген көзқарастарын түсіну,өмір туралы ойларын білу, өмірге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.Балалар белсенділік танытып,барлығы қатысты.
«Мен өмірді сүйемін» тақырыбында өткізілген сурет,эссе жазу,өлең шығару байқаулары өткізілді.1-4 сыныптар сурет салу 5-7 сыныптар өлең шығару, 8-11 сыныптар эссе жазды. Эссе нәтижесі бойынша балалар өмір туралы өз ойларын,өмірде алға қойған мақсаттарын, өз қызығушылықтарын, арман-мақсаттарын, болашақтағы таңдаған мамандықтары,және сол мамандық иесі болуға қалай дайындалу керектігін,ал суреттер салу бойынша және өлең шығару бойынша да шығармашылық деңгейлерін көрсете отырып, керемет отбасы,өмірдің керемет жақтары, өмір туралы өз шығармашылығынан өлеңдер жазып,соларды бірден оқып берді.








Ата-аналарға психологиялық кеңестер,қолдау көрсету,ұсыныстар дер кезінде айтылып отырды. Ата-аналар жиналысы болды,мектептің ата-аналары белсене қатысты. Оқудағы қиындықтар,сәтсіздіктерге жеке-жеке қажет кезінде ата-аналар мен оқушыларға қосымша кеңестер беріліп,қолдау көрсетілді. Жеке оқушы,ата-анлармен,жас мамандармен де жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп отырды.
Мектепішілік оқушылар, ұстаздар арасында «Қақпақ жинау» акциясын ұйымдастырып, жиналған қақпақтардан массаждық кілемше және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған тудың бейнесі жасалды. Қақпақшалардан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған тудың бейнесі және массаждық кілемше жасалды.








ҰБТ бойынша да 11 сынып түлектеріне мотивациялық бейнероликтер,ойындар,жаттығулар, кеңестер,жеке жұмыстар жүргізілді.11 cыныптарға ҰБТ- ға байланысты «Менің таңдауым-менің болашағым» тақырыбында оқушыларға кеңестер беріліп,болашақ таңдаған мамандыққа деген қызығушылықты арттырып, өзіне сеніммен алдағы сынаққа дайындықты күшейту керек екендігі туралы айтылып, «Қорқынышты бірге жеңеміз!» тренингтік жаттығу жүргізілді.



8-11 сыныптар аралығында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың баланың психикасына әсері» тақырыбында түсінік жұмысы жүргізіліп, оқушылардан сауалнама алынды.Нәтижесі бойынша тәрбие бөлімімен бірлесе түсінік жұмыстары жүргізілді. 10-11 сыныптарға саусақ моторикасына,көз жаттығулары,қарым-қатынасты нығайтуға арналған жаттығулар жүргізілді. 10-11 сыныптарға саусақ моторикасына,көз жаттығулары,қарым-қатынасты нығайтуға арналған жаттығулар жүргізілді. Биылғы жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуіне байланысты Қарым-қатынас шеберлігі тақырыбында тренинг ұйымдастырылып,жас мамандармен жаттығу жүргізіліп,сауалнамалар алынды.

Мектеп оқушыларының тұрмыстық 10 сынып оқушылармен «Логикалық ойлауды »
жағдайын бақылау. дамытуға арналған жаттығулар




Қыздармен жұмыс бойынша медбикемен бірлесе Қыздардың жеке бас гигиенасы , Ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында қыздар жиналысы өтілді.Жиналысқа 8-11 сынып қыздары қатысты. Мектеп психологтары жалпы қыз балалардың тәртібі,тәрбиесі, дене бітіміндегі өзгерістер ,мектепте өзін дұрыс ұстау ережелері туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Ал мектеп медбикесі қыздардың жеке бас гигиенасы, ерте жүктіліктің алдын алу,сыныпта тазалық сақтау,және жұқпалы аурулардың алдын алу туралы түсінік берді.



Қыздар жиналысы « Ерте жүктіліктің алдын алу және қыздардың жеке бас гигиенасы» тақырыбында және «Қыз бала әдебі » тақырыбында пікіралмасу,ой бөлісу 7-11 сынып қыздарымен мектеп медбикесінің,педагог-ұйымдастырушының қатысуымен жиналыстар өтілді.



Инклюзивті білім алатын оқушылармен жеке жұмыс жүргізу сәті


Сынып оқушыларымен топтық жаттығу,ойындар,тренингтер

5 сынып оқушыларымен достық қарым-қатынасты,татулықты,бірлікті нығайтуға арналған «Біз біргеміз!» тренингтік жаттығуы.Тренингтің мақсаты: оқушыларды ауызбіршілік,татулық,достық қарым-қатынастарын нығайту.


11 сынып оқушыларының «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында мектеп бітірген студенттермен кездесуі

«Өмірім өз қолымда!» жаттығу , «ҰБТ –ға дайындығың қалай?», «Болашақ мамандығым» сауалнамалар алынды.

Зорлық-зомбылықтың алдын алу,күш көрсету,бопсалаудың алдын алу мақсатында «Буллинг дегеніміз не?» «Кибербуллинг деген не?» тақырыптарында мектептің тәрбие орынбасарлары,педагог-ұйымдастырушы,сынып жетекшілердің қатысуымен 8-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Инклюзивті білім алатын 5 сынып оқушыларының ата-аналарымен,
оқушылардың сынып жетекшілерімен жеке жұмыс
ата –аналарына кеңес беру










Жеке оқушылармен жұмыс









Сенім жәшігімен жұмыс



5 сыныптармен "Көзілдірік" жаттығу жүргізу сәті




6,7 сыныптармен «Сыныптағы сыйластық» жаттығу жүргізу сәті

"Жанұя" отбасылық қолдау орталығымен семинар






Инклюзивті білім алатын оқушылармен логикалық ойлау деңгейін дамытуға байланысты жүргізілген жұмыс
Құрастырмақтарды құрастыру




Инклюзивті білімді қажет ететін оқушылармен құм терапиясы жеке жұмыс
Мектепте 5 оқушы ата-анасымен мектеп дефектологымен Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының №8 психологиялық медико-педагогикалық кеңесінің қайта тексеруіне барып, 23 сәуірден бастап сол мекеменің бекітуімен мектебімізде инклюзивті білімді қажет ететін 5 оқушы тізімге алынды,1 оқушы үйден оқиды. Осы күннен бастап бұл тізімдегі оқушылармен пән мұғалімдері, дефектологтар, психологтар оқыту бағдарламаларына сәйкес жеке жұмыстар жүргізді. Инклюзивті білім алатын оқушылар тізімі

№ Аты-жөні Туған жылы диагнозы сынып Оқу бағдарламасы Жауапты



1 Алмас Алихан
23.06.2013 Психикалық дамуының тежелуі.Сөйлеу тілі жалпы дамымауының 2-3 деңгейі 3 б Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы бойынша білім беру Психолог
дефектолог
2 Бауыржан Дияр
31.03.2016 Қарым-қатынас қиындықтары 1 а Тиісті үлгідегі жалпы білім беру бағдарламасы бойынша білім беру Психолог

3 Сарсанбаев Нурсултан
17.06.2014 Психикалық дамуының тежелуі.Сөйлеу тілі жалпы дамымауының 2 деңгейі 3 в Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы бойынша білім беру Психолог
дефектолог
4 Бордике Азамат
07.07.2013 Развитие эмоционально-волевой деятельности
4 а Обучение по индивидуальной учебной программе и индивидуальному учебному план Психолог
Дефектологтар
5 Қайрат Айсұлтан
14.01.2016 Психикалық дамуының тежелуі.Сөйлеу тілі жалпы дамымауының 1-2 деңгейі
1 ә Обучение по индивидуальной учебной программе и индивидуальному учебному план Психолог
Дефектологтар


















Алмас Алиханның 23 сәуірдегі қайта тексеруінің қорытындысы бойынша балаға психикалық дамуының тежелуінің тұжырымдама берілгендіктен ,баламен алдағы оқу жылында жеке жұмыс жүргізіледі. Бұл тұжырымдама бойынша ата-анасына толық түсінік жүргізілді. Алтымбек Қарақаттың да ата-анасына осы тұжырымдама туралы түсінік берілді,балада айтылым жоқ,жазылым бар. Сарсанбаев Нурсултан бұл баланың да соңғы тексеруден кейін балаға психикалық дамуының тежелуінің тұжырымдама берілгендіктен ,баламен алдағы оқу жылында жеке жұмыс жүргізіледі. Құрманбек Бибарыстың диагнозы сол қалпында қалғандықтан,бала дефектолог маманының көмегін қажет етеді және үйден оқиды. Бордике Азаматтың диагнозы бұрынғыдай, баланың ата-анасы баламның даму деңгейін білемін,жоғары сыныпқа барғанда өсе келе өзі оқып кетеді деген ой айтып,қарсылық білдірді.
Оқушыларды сабақтан тыс уақытта шахмат ойынына баулу





Зум платформасында «Жағымды орта» тақырыбында «Баланың бас ұстазы-ата-
өтілген республикалық семинар ана»тақырыбында ата-аналармен
жүргізілген тренинг сәті










«Баланың бас ұстазы-ата-ана» Инклюзивті білім алушыларға
тақырыбында тренинг сабақ беретін мұғалімдермен
аудандық семинардағы нейро жаттығулар












«Қорқынышты бірге жеңеміз»
жаттығу жүргізу сәті 11 сыныптармен «Бірлік» жаттығу сәті










Жаттығу барысы /құм терапиясы/ Мектеп ұжымымен тренингтік жаттығулар

Кері байланыстар





Ата-аналармен топтық жұмыс

«Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында зум платформасында семинар

Мектебімізде биылғы жылға арналған жоспарға сай жұмыстар жыл бойы жұмыстар жүргізілді. Алдағы оқу жылында да жоспарға сай жұмыстар жүргіземіз.
Мектеп психологтары: Ж.М.Малибекова
М.Р.Абдуллаева














2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx [6,01 Mb] (cкачиваний: 11)
Посмотреть онлайн файл: 2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx
2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx [6,01 Mb] (cкачиваний: 11)
Посмотреть онлайн файл: 2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx
2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx [6,01 Mb] (cкачиваний: 11)
Посмотреть онлайн файл: 2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx
2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx [6,01 Mb] (cкачиваний: 11)
Посмотреть онлайн файл: 2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx
2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx [6,01 Mb] (cкачиваний: 11)
Посмотреть онлайн файл: 2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx
2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx [6,01 Mb] (cкачиваний: 11)
Посмотреть онлайн файл: 2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx
2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx [6,01 Mb] (cкачиваний: 11)
Посмотреть онлайн файл: 2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx
2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx [6,01 Mb] (cкачиваний: 11)
Посмотреть онлайн файл: 2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx
2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx [6,01 Mb] (cкачиваний: 11)
Посмотреть онлайн файл: 2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx
2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx [6,01 Mb] (cкачиваний: 11)
Посмотреть онлайн файл: 2022-2023-zh-psiholog-zhyldy-esep.docx