Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарларының есебі тәрбие жұмысының есебі » Ж.Қаипов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Қаипов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарларының есебі тәрбие жұмысының есебі
16
июль
2023

Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарларының есебі тәрбие жұмысының есебі

Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарларының есебі 2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысының есебі .
Мектеп миссиясы: «Біз басекеге қабілетті,зияткер тұлға дайындауда биік мақсаттарға қол жеткіземіз»

Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және адамзаттық құндылықтар 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында мынандай жобалар іске асырылды.

• «Мектептің өзін-өзі басқаруы»;
• «Оқуға құштар мектеп»;
• «Еңбек – елдің мұраты»;
• «Қоғамға қызмет»;
• «Музей сабақтары»;
• «Театр сабақтары» жобасы.
• « Ауылымның байлығы»

Жаңа оқу жылындағы мақсаты: Тәрбие жұмысының жүргізілу барысында жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыруға, көпмәдениетті орта құруға ықпал етуге тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары жаңа оқу жылының басында ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының негізінде 8 бағыты бойынша жүргізілді.
1. Қазақстандық патриотизм және азаматтыққа тәрбиелеу,
құқықтық тәрбие;
2. Рухани-танымдық тәрбие
3. Ұлттық тәрбие;
4. Отбасылық тәрбие;
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
6. Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу;
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру; бағыттарын қамти отыра
«Ұлттық құндылықтарды бойына жинаған шығармашыл, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету» мақсатында жасалынып бекітілді .
Тәрбиенің кешенді бағыттары мектепішілік, мектептен тыс шаралардың, үйірмелердің , балалар ұйымының жұмысы, ҚР-ның рәміздерін оқып, тану, қолдану, насихаттау жұмыстары, ата-аналармен жұмыс, сынып жетекшілер отырыстары, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жұмысын ұйымдастыру және құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, Діни экстремизмнің алдын-алу, «Адал ұрпақ» еріктілер клубы, «Жас ұлан», «Жас қыран» патриоттық клубының жұмысы және қыз балалармен, ұлдар жиналысы жұмыстарының жүйесімен ерекшеленеді.
Тәрбие жұмысын жоспарлауда келесі нормативті құжаттар басшылыққа алынды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы,
ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы,
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы,
ҚР «Тіл туралы» Заңы
Заңдар «Қазақстан Республикасындағы бала құқығын қорғау»,
«Балалар құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы,
ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»,
ҚР «Эктремизмге қарсы іс- қимыл туралы Заңы (2005.08.07 № 67 -Ш ҚР) Заңымен енгізілген өзгерістермен, ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы ҚР 2004 ж 7 шілдедегі № 581 Заңы
ҚР Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы.

І. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ТӘРБИЕ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ
Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлықзомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Білім күнінің «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы шеңберінде бірыңғай «Мен өз Отанымның патриотымын» білім беру сабағымен 1-11 сыныптарда жалғасты. 29 қараша күні 6 сынып оқушылары 1 желтоқсан Президент күніне арналған «Отан, Президент және мен» тақырыбында шығармашылық көрме ұйымдастырды. Оқушылар өздері салған суреттерін, шығармаларын және Президентке арнауларын жазды. Бұл көрмені ұйымдастырудағы мақсатымыз елбасының өмірі, шығармашылығы, қандай батыл, ержүрек адам екенін өскелең ұрпаққа көрсету және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мектеп кітапханасында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Дара тұлға, Дана тұлға» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Көрменің мақсаты: Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Көрмеге Елбасының кітаптарымен , суреттері қойылды.
Жылдағы дәстүр бойынша жалпыреспубликалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы да өз деңгейінде өтті. Мектеп мұғалімдері мен жеке кәсіпкердің демеушілігімен жиналған 63000 теңгеге мектебіміздегі аз қамтылған жанұя балаларына қажетті киім және оқу-құралдары сатып алынып берілді. «Отбасы – өмір аясы» атты сыныптар бойынша іс – шара өткізілді. Іс – шарада: «Менің берік отбасым!»1-4 сынптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды «Бақыттымыз бірге» атты 5 сынып отбасыларының арасында эстафеталық ойындар ұйымдастырылды, «Отбасы – жан шуағым» әндер топтамасы, «Бақытты отбасы- зорлық -зомбылықсыз әлем» видео және фотоколлаж, «Ұрпақ жақсысы ұядан» отбасы туралы слайдттар жинағы қарастырылған. «Жас Ұлан және Жас Қыран» ұйымына оқушыларды қабылдау. Мектеп директоры ұстаздар күніне орай мұғалімдерді мақтау қағазымен марапаттады.
Ата-ана жиналысының хаттамасы

Нәтижесінде
Оқушылардың патриоттық сана –сезімдерін қалыптастыру арқылы өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігі артқандығын байқадық.
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, өскелең ұрпақты қоғамдық шараларға белсене қатыстыру, күз кереметтілігін сезіндіру, оқушы бойындағы талғамын, шеберлігін, танымдылығы мен икемділігін анықтау, эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Күз береке-күз мереке» тақырыбында апталық жоспарланып, жоспарға сай түрлі шаралар оның ішінде оқушы шығармашылығы, сурет, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Қыз бала ұлттың ұяты халықтың шырайы 8-11сынып арасында қыздар жыйналысы өтті,құқық бузушылық алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушылар арасында ұлдар жиналысы өтті бұл жиналысқа полиция капитаны мырза қатысып түсінірме прафилактикалық жұмыс жүргізді бұл жиналыстың басты мақсатты әлім жетікті болдырмау бопсалауды алдын алу мақсатында түсіндірме жұмысын жасады. Алтын күз -2022 ж мектепшілік іш шара өтті 31.10.2021ж ДТІЖО орынбасарының ұйымдастыруымен мектепшілік іс-шара өз деңгейінде өтті, Жалпы ата-аналар жиналыс өтті күн тәртібінде Екепені салдыру жолдарында ата-аналарға түсіндірме жұмысы жасалынды .Құқық бузушылықтың ата-ана жауапкешілігі туралы прафилактикалық жұмыс жасалынды Зорлық- зомбылықсыз балалалық шақ атты Полиция капитанымен біріккен жұмыс жүргізілді, мәңгілік ел бұл тарих мәдениетпен тіл бірлігі тақырыбында 9-11 сынып оқушылармен дөңгелек үстел өткізілді Жетекшілері тарих пәнінің бірлестігі және ДТІЖО Т Кусаинов үнемі таң ертеңгілік қабылдау медбикенің орны бөлек себебі мектептің ипит ақуалы осы жұмыстан бастауі алады біздің қауыпсіздігіміздің кепілі бұл тәртіпке бағыну,Әкімшілік жиналыста 472 бұйрықпен таныстырып әдістемелік көмек көрсетуде мекткп башысының қадағалауында болып жатыр -Мектепке жол акциясының аясында көптеген отбасыларға көмек беру жалғасып жатыр.


Мектебімізде ішкі істер бөлімінде ,мектепішілік есепте тұрған қиын, тәуекел тобындағы оқушылар жоқ.
Құқықтық тәрбие

Ағымдғы жылы «Өз құқығыңды білесіңбе?» тақырыбында мектеп инспекторы О.Сулейменовпен және мектебіміздің ДТІЖО Кусаинов Т қатысуымен кезекті ұлдар жиналысы өтті. Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру,қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру.Қазақстан Республикасының Конституциясы баптарын біліп, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау. Оқушылар қызу талқыға салып, өз ойларын ашық жеткізе білді. 8-11 сынып ұлдар арасында «Еңбек құқығы»тақырыбында дебат өтті
Балалар мен жастарға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру күні аудандық аурухананың дәрігері 10-11 сыныптың қыз балалары қатысып түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сурет пәні мұғалімдері Б.Омарова 1-4 сынып оқушыларына арасында «Бақытты балалық шақ!»,тақырыбында сурет салғызып оқушылар өз жұмыстарын таныстырды.« Балаға зорлық болмасын, ата-ана баласын қолдасын» жалпы тақырыбындағы сыныптық ата-аналар жиналыстарында 1-4 сыныптар үшін «Балалар мен балалық шақты қорғайық» 5-7 сыныптар үшін «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» 8-11сыныптар үшін «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары» тақырыптарында дөңгелек үстел, пікірталас, ой бөлісу , топтық жұмыс түрінде өтілді. Педагог ұйымдастырушы «Біз және әлем!», «Өмірдің жақсы қырлары» тақырыбында бейнероликтер көрсетуді ұйымдастырды. Мектеп психологтары М.Абдуллаева мен Ж. Малибекова 27-29 қараша күндері 2-4 және 5-8 сыныптар үшін жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу тақырыбында сауалнама өткізіп қорытындылады.

“Оқуға құштар мектеп”жобасы аясында .Буккроссинг кітап алмасу, мектепшілік акциясы жалғасын тапты.
“Қыз тәрбиесі ұлт болашағы “тақырыбында 9-11 сынып қыздар арасында дебат өтті.


8-11 сынып қыздары арасында 5 ақпан күні «Жақсы мінез жан азығың» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Мектеп психологы М. Абдуллаева «Тор» тренингін өткізіп қыздардың тәрбиесіне қатысты сұрақтар қойып,ойларын ашық жеткізуге мүмкіндік берді.

«Тоғызқұмалақ» спорттық ойыны бойынша жүлделер. Ж.Қаиповтың туған күніне орай Қазақстан ауылының окрук мектептері мұғалімдер арасында спорт денсаулық кепілі атты эстафеталық ойындар өтті. "Балаға-жүрек жылуы" атты тәрбие сағаты.Мақсаты:"Қайырымдылық","Мейірімділік","Адамгершілік"құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру;
Постер қорғау,ой-пікірлерімен бөлісу арқылы түсініктерімен бөлісті



Аймақтық «Жас ұлан» спорттық ойындарынан Ж.Каипов атындағы орта мектебі номинациямен марапатталды





JEET KUNE DO ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫ" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІнің ұйымдастырылуымен өткен каратэден 6 сынып оқушылары:
1. Нұбергенұлы А;
2.Ахметжан Н;
3.Бердәлі А;
4. Нұланбекұлы Е;
5. Талипхан А
Ташкент қаласына жолдама ұтып алды.



«Театр сабақтары» жобасы аясында «жеті лақ» қойылымы көрсетілді.



7-11 сынып қыздар арасында жиналыс өтті.
Қыздар жиналысының тақырыбы: XXl ғасырдың қыз жібектері
Мақсаты: Мектептегі қыздардың бір- бірне деген көзқарасы мен ойын білу. Түрлі ойындармен сұрақтар арқылы жақындастыру.



5-6 сыныптар арасында 2 наурыз күні КТА ойыны өтті.
Тақырыбы: Менің мектептегі күнделікті өмірім.
Сайыс 6 турдан тұрады:
I тур — Сәлемдесу. (7 мин)
II тур – Сұрақ-жауап (1 сұраққа 1 минут)
III тур – Әзіл әлемі (5 әзіл)
IV тур – Топ басшыларының сайысы
V тур – Музыкалық үзіліс
VI тур – Үй тапсырмасы КТА ойынының қорытындысы:Бас жүлде 6б сынып«Айғырлар»I-орын 5а "Бірлік"II-орын 5ә болашақIII-орын 6 а “Айтпаймыз”Өткізген: И.Канлыбаева
7.7-8 сыныптар арасында 2 наурыз күні КТА ойыны өтеті.
Тақырыбы: Менің мектептегі күнделікті өмірім.
Сайыс 6 турдан тұрды:
I тур — Сәлемдесу. (7 мин)
II тур – Сұрақ-жауап (1 сұраққа 1 минут)
III тур – Әзіл әлемі (5 әзіл)
IV тур – Топ басшыларының сайысы
V тур – Музыкалық үзіліс
VI тур – Үй тапсырмасы КТА ойынының қорытындысы:I-орын 7б сынып« 7 "б сынып Ь »тобы жеңіп алды.



2.«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында мектебімізді 1-ші қабатында «Букроссинг» кітап алмасыру бұрышы ұйымдастырылды. Осы бұрышта мектеп оқушылары өздері кітап алып келіп, өзіне ұнайтын кітапты алмастырып оқуға мүмкіндіктері мол. «Букроссинг» бұрышынң орналастыру мақсаты оқушылардың кітап оқуға құштарлығын арттыру.

13-17 наурыз аралығында МАД тобынан бастап 11 сыныптар арасында мектепішілік наурыз мейрамы өткізілді. Әр сынып салт дәстүрді көрсетті. Ұйымдастыру өте жоғары деңгейде өтті.
 МАД тобы " сәлемдеме«
 1 а, 1 ә- "Тілашар"1 б, 1в-" Тұсаукесер«
 2 а, 2 ә"Бесікке салу"2 б,2 в"Ат қою«
 3 а, 3ә" Шілдехана"3 б, 3 в-"Сүндет той«
 4 а, 4 ә- "Қырынан шығару"4 б, 4 в-" Кіндік шеше«
 5 а, 5 ә-" Құлақ тесу"5 б, 5 в-" Ашамайға мінгізу«
 6 а, 6ә- "Ит көйлек"6 б, 6в -"Тобық жұту«
 7а, 7ә- " Бәсіре"7б, 7в-"Жеті ата«
 8а, 8 ә- " Сәукеле кигізу"8б-" Құда тартар«
 9а, 9ә- " Құйрық бауыр"9 б,9 в- " Сыңсу«
 10а,10ә- "Беташар"10Б -" Құда түсу
 11 сынып- "Қыз айттыру"



1-6 сыныптар арасында цирк өткізілді.


17 наурыз мектеп акт залында"Қош келдің, әз Наурыз" атты іс – шара өткізілді !


6А сынып оқушысы Жанарсын Нурбол мен
6ә сынып оқушысы Еркінбекұлы Абдулазизға көмек көрсетілді.

Жасөспірімдер арасындағы бопсалаушылық. Құқық бұзушылық. Әкімшілік және қылмыс кодекстері» тақырыбында әңгімелесу
«Жасөспірімдер арасындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын-алу». «Жасөспірімдер арасындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын-алу» тақырыбын талқыланды

2021-2022оқу жылына арналған кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілілігіне қарсы қылмыстардың ,тұрмыстық зорлық –зомбылықтың және балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу және профилактикасы бойынша іс-әрекеттер ведомствоаралық жоспары бойынша атқарылған жұмыстар есебі.
12-тармақ Мектептің айналасын оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 27 ішкі бейнебақылау, 6 сыртқы бейнебақылау жұмыс істеуде. Бейнебақылау жадысы 10 күн сақталады. Бейнебақылау оқушылар арасындағы әлімжеттік бопсалау, төбелесу секілді теріс іс-әрекеттерді азайтуға септігін тигізуде. Адамдардың мектеп ғимаратына бақылаусыз кіру (шығу) мүмкіндігін жоятын тәртіпті қамтамасыз ету және мектепте қауіпсіз тіршілік кеңістігін құруда мектепке бөгде адамдардын кіруіне қатаң тыйым салынған.
14-тармақ Мектепте оқу жылы басында жалпы ата-аналар мен мектеп ұстаздары тарапынан кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ауылда жастардың көп шоғырланатын орындарын және дүкен маңын тексеру бойынша арнайы рейд кестесі құрылған. Кестеге сай кезекшілік уақытылы өткізіліп рейд қорытындысы арнайы дәптерге жазылып тұрады.
23-тармақ Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты,оның ішінде жыныстық зорлық-зомбылықты оның ішінде жыныстық зорлық-зомбылықты анықтауға бағытталған жұмыстар бойынша мектепте мектеп медбикесі Ізтілеуова Гулбахар психолог Сарымсақова Миргуль, қыздармен қыздар клубы жұмыс жүргізетін мұғалім Абдуллаева Мақпал бірігіп мектепте 5-9 сынып қыздарымен «Қыз өссе - елдің көркі» тақырыбында ашық әңгіме жүргізді. «Қызғалдақ» қыздар клубы мен «Жігер» ұлдар клубының жетекшілері Кусайнов Т., «Тәртіп-тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы» тақырыбында мектеп инспекторы полиция капитаны сүлейменов Олжас бірлескен жиналыс өткізді. Мектеп оқушларымен «Мен және заң», «Құқықты білу басты міндет» тақырыбында құқықтық айлық өткізілді.
30-тармақ Мектепте қараша айында мектепішілік «Кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста ата-аналарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп жасаған «Ата-аналарға арналған бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі» жадынамасымен таныстыра отырып, комитет сайтынан www.edu.gov.kz алынған «Бала қауіпсіздігі»,«Отбасындағы зорлық-зомбылық», «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық» тақырыптарында бейнероликтер ата-аналар чаттарына салынып көрсетіліп таныстырылды.
32-тармақ Оқушылардың келеңсіз сайттарға кірмеуін қадағалауда ай сайын сынып жетекшілер тарапынан оқушылардың ұялы телефондарын тексеру жұмыстары жүргізіледі. Онда әр оқушының ВК желісінде қандай топтарға кіргені және неше рет кіргені қаралып, анықталған оқушылармен мектеп психологы Мәлібекова Ж. профилактикалық жұмыс жүргізеді
Ұлттық тәрбие. Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай «Мемлекеттік тілмен болашаққа» атты концерттік бағдарлама өтті. Кештің мақсаты: Оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау. Концерттік шараға мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары қатысты. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет.Ж.Каипов атындағы орта мектеп ұжымы қайырымдылық мұқтаж жандарға қайырымдылық жасады. Мектеп ұжымы « Қайырымды Ұлт» Республикалық акциясына қатысты.
78000тг жиналып 8 отбасына көмек көрсетілді.



«Қазақ халқының дәстүріндегі қыз бен ұл тәрбиесі.» 8-11 сыныптар арасында дебат өткізілді.





1 наурыз «Алғыс айту күні» болып бекітілді. «Ж.Қаипов атындағы орта мектеп» кмм- сінде өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектебіміздің дәлізінде алғыс айту жәшігі орнатылды. Мектеп ұжымы мен оқушылар бір-біріне деген шексіз алғыстарын білдіріп хаттар жазды.



«1- наурыз Алғыс айту-парызым » атты іс-шара өткізілді.
«Алғыс айту-парызым» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік іс-шараға мектебіміздің көркеюіне зор үлестерін қосып жүрген жеке кәсіпкерлері, ауыл азаматтары мен азаматшалары, мектеп мұғалімдері мен баласының үздік оқушы атануына, шығармашылық қабілетін дамыттыруға үлес қосып жүрген ата-аналарымызға алғыстар айтылды.
1. Мамырбаева З
2. Садикулова О
3. Мусанова К
4. Орынбасарова И
5. орынбаева Д
6. Есенбаева Б
7.Дүнгешов М
8. Жүнісбек Ж


8-наурыз –халықаралық әйелдер күніне Ж.Қаипов атындағы орта мекеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кеш ұйымдастырылды. « Көктем аруы-2022» кеште мектебіміздің қыздары сайысқа қатысты. Сайысымыз кезеңдері:
1. Таныстыру
2. Ситуациялық сұрақтар
3. Дефиле
4. нан жаю
5. Өз өнері.
Бас жүлде-Ыбырайымхан Сандуғаш
1-орын Махаббат Мадина
2-орын Үсен Амина
3-орын Садық Айша, сонымен қатар аруларымыз«Білімді ару» , «Инабатты ару», «Өнерлі ару», «Сымбатты ару»
номинацияларды жеңіп алды.

Отбасылық тәрбие. «8-10 қыркүйек күндері аралығында №1 ата-аналар жиналысы
«Мәңгілік ел- патриоттық актісі» тақырыбы аясында өткізілді. Жиналыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең мектеп акт залында мектепішілік қамқорлық кеңес мүшесі З. Мамырбаева және Ішкі істер бөлімінің полиция лейтинанты жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор О. Сулейменов қатысып сөз сөйледі. Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары атап өтті.

№2 ата-аналар жиналысы. «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны қоғамның назарын балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне аудару, қоғамда балаларды қатыгез ұстауға төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шаралар туралы «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында 9-10-11 қараша күндері өтетін « Балаға зорлық болмасын, ата-ана баласын қолдасын» тақырыбындағы сыныптық ата-аналар жиналыстары
Күн тәртібінде:
1. «Қауіп- қатерге бас тікпе!» акциясы аясында жаднама тарату «Жас Ұлан» оқушылар ұйымы
2. 1-4 сын үшін «Балалар мен балалық шақты қорғайық» 5-7 сын үшін «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» 8-11 сын үшін «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары»
3. Оқу-тәрбие үрдісі. І тоқсан қорытындысы
5. Ағымдағы мәселелер.
1-11 сыныптар (күзгі мезгілдегі оқушының өмір қауіпсіздігі (бос уақытын тиімді ұйымдастыру; мектепке келуі мен үйге қайтуын қадағалау, күтіп алу; түнгі мезгілін қадағалау)
Қосымша: Күн тәртібіндегі 2- мәселе бойынша пікір алмасу, ағарту жұмысы, дөңгелек үстел түрінде ұйымдастыру «Қауіп- қатерге бас тікпе!» акциясы аясында ата-аналарға жаднама тарату «Жас Ұлан» оқушылар ұйымы .
№3 ата –ана жиналысы «Бала- ел болашағы» тақырыбында өтетін сыныптық ата-аналар жиналыстары 10-12. 01. 2018 ж. күндері аралығында өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Дін. Қоғам. Жастар.(баяндама) (тәрбие бөлімінен электронды нұсқасын алыңыздар)
2. Оқу-тәрбие үрдісі. ІІ тоқсан, І жарты жылдық қорытындысы (есеп түрінде)
3. Ағымдағы мәселелер. (Оқушылардың өмір қауіпсіздігі, бұралқы иттерден сақтану, боран-үсіктен сақтану жолдарын түсіндіру, оқушылардын мектепке келіп-кетуін қадағалау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру т.б. )

№4 ата –ана жиналысы Қауіпсіз өмір!» ұранымен 11-12-13 сәуір күндері өтетін сыныптық ата-аналар жиналыстары
Мақсаты: Білім алушылардың өмірін сақтау, жауапкершілікті күшейту мен өзін-өзі сақтайтын мінез-құлыққа дағдыландыру, ата-аналарға жарақаттың барлық түрінің алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру

№ 5 ата –ана жиналысы - Күн тәртібінде
1. 1-4 сынып «Қауіпсіз өмір!» (Балалардың суға батуы, биіктен құлау, уланған жағдайда алдын алу шаралары, алғашқы дәрігер алды көмек көрсету, балалар арасында электр жарақаты, балалардың күюі т.б
2. 5-11сынып «Өмірің өз қолыңда» (Балалардың суға батуы, биіктен құлау, уланған жағдайда алдын алу шаралары, алғашқы дәрігер алды көмек көрсету, балалар арасында электр жарақаты, балалардың күюі, спинерден жарақат алудың алдын алу, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын- алу тақырыптарында) баяндама
ІІІ тоқсан қорытындысы.
3. Ағымдағы мәселелер. (құқық бұзушылықтың алдын алу, бұралқы иттерден сақтану, көше тәртібі, бос уақытын тиімді ұйымдастыру т.б. )

№5 ата –ана жиналысы Республикалық жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтіп, күн тәртібінде берілген мәселелер қаралды. «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
Мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру. «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру
«Ата-аналар балаларыңызды сақтаңыз» тақырыбында акция ұйымдастырылып, ата-аналарға жаднамалар таратылды. Мен және менің бақытты отбасым!» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында сурет көрмесін ұйымдастыру


Зияткерлік тәрбие ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу. 2 сәуір Балалар кітабы күніне орай «Кітапхананың озық оқырманы» атты сайыс кеші өткізілді. Егемен елімізді әлемге таныту, болашақта еркін өмір сүріп, ойлаған армандарымыздың орындалуы тек ерінбей терең білім алғанда ғана орындалары сөзсіз. Ал білім алудың басты құралы –кітап екенін бәріміз жақсы білеміз.
Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен, атқаратын қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады.
Бұған оқырманның алған кітаптарының бәріне талдау жасаймыз. Осылай біз «Кітапхананың озық оқырманын» анықтап сайыс өткіздік. Өткізген шара өз мақсатына жетті. 7-8 сынып оқышылары қатысты. Оқырман саны - 28. Мектеп кітапханасында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне орай «Кітап- тарих, шежіре!» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер! Мәдениеттің ежелден келе жатқан өзекті тарауының бірі –кітап. Кітап – адамзат ақыл-ойынның інжу маржанын ғасырдан ғасырға жалғап келе жатқан ғажайып құрал. Мәдениеттің өзге түрлері-архитектура, музыка, бейнелеу өнерлерімен салыстырғанда кітаптың өмір көрінісін қамту мүмкіндігі мол. Кітап өмірді түгел суреттейді. Сондықтан оны өзі тудырған қоғамның айнасына теңесек артық болмайды.
«Ұшқыр ой алаңы» атты дебаттық қозғалысы» 9-11 сыныптар
Тарих дөңгелегі» атты интеллектуалдық сайыс ұйымдастыру


"Әлімжеттік және бопсалауға жол бермейік!" атты тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты:мектеп ішінде және де мектептен тыс жерлерде әлімжеттікке жол бермеу және оның алдын алу шаралары туралы түсінік беру.Оқушылар ой бөлісті,пікірлерін айтты.

Сынып сағатының тақырыбы:Алғыс айту парызым
Мақсаты :Ризашылық, рахмет айту , алғыс туралы түсінік беру.Оқушылардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. 1.«Қауіпсіз дөңгелек» спорттық ойыны. 1-4 сынып оқушылары.
2.«Қысқы ойындар қызығы» 5-9 сыныптар Дене шынықтыру мұғалімдері, сынып жетекшілер Шағын футболдан өткен аймақтық жарыста Ж.Қаипов командасы 2ші орынға ие болды

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастыруымен «шынықсаң шымыр боласың» атты эстафеталық жарыс өткізді. 15 наурыз сағат 16-00де мектеп спорт залында ұстаздар арасында "Мерген" садақ ату бойынша ұстаздар арасында турнир өтеді. Ұйымдастырушы С.Байкен
"Мерген" садақ ату бойынша ұстаздар арасында турнир өтті.


2022 жылдың 18 наурыз күні "Қазақтың ұлттық ойындары "Тоғыз құмалақтан" 8-10 сыныптар арасында мектепшілік жарыс ұйымдастырылды
ІІ. РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ. Діни экстремизммен терроризмнің алдын-алу жұмыстары
Күн тәртібінде:
1. ИДНаға капитаны – Жасөспірімдер арасында әр-түрлі бағыттағы ұйымдардың белең алуына байланысты профилактикалық жұмыс жүргізді..
2. Мектеп медбикесі – Жасөспірім кезеңнің физиологиялық психологиялық ерекшеліктері жайында баяндама.
3. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектеп ортасында ер мінізді отан сүйгіштік бағытында баяндама.
Қорытынды – Т. Кусаинов ДТІЖО
Қатысқандар саны 8-9-10-11

«Отбасы – қауіпсіз мекен» бағытындағы іс-шаралар
-әкелер, аналар клубтарының «Менің отбасымның моделі», «Менің отбасым-менің тірегім» пікірталас алаңдарын өткізу;
- аталар және әжелермен «Менің отбасымның ағашы», «Менің отбасымның дәстүрлері» кездесулерін ұйымдастыру;
- отбасылық ұжымдар арасындағы концерттік бағдарламалар мен спорттық жарыстар.
«Дені сау бала» бағыты бойынша іс-шаралар
- республиканың барлық өңірлерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру;
- ЕБҚ бар балалар арасында шығармашылық және спорттық конкурстар өткізу;
- «Балалар – балаларға» - ерекше қажеттіліктері бар балалармен кездесулер ұйымдастыру, арнайы бірлескен суреттер, қолөнер бұйымдарын дайындау.
«Баласын жетімсіретпеген ел» бағыты бойынша іс-шаралар
- қорғаншылармен (қамқоршылармен), патронат тәрбиешілермен, қабылдаушы отбасылармен кездесулер;
- БАҚ-та қамқоршы, патронат отбасылар мен асырап алушы отбасылардың үздік отбасылық тәжірибесін тарату;
- «Менің отбасым - менің байлығым» - көп балалы асырап алушы отбасылар туралы бейнероликтер байқауын өткізу.
«Жайлы мекен» бағыты бойынша іс-шаралар
- ойын және спорттық балалар алаңдарын ашу;
- балалардың дамуы мен демалысы үшін түрлі білім беру, дамыту және шығармашылық орталықтарын ашу;
- білім беру ұйымдарын ашу.
«Бала қорғау» бағыты бойынша іс-шаралар
- «балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқанын өткізу (1-12 маусым);
- суда, су объектілерінде, жолдарда жүріс-тұрыс ережелерін сақтау бойынша вебинарлар өткізу;
- «қауіпсіз аттракцион» республикалық акциясы аясында су бассейндерінің, балалар аттракциондары мен алаңдарының мониторингін ұйымдастыру.
- өңірлерде тәжірибелі заңгерлерді, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін және т. б. тарта отырып, балалар, балалы отбасылар үшін тегін консультациялардың әртүрлі нысандарын ұйымдастыру және өткізу;
- білім беру ұйымдарында онлайн пікірсайыстар, сынып сағаттарын, кездесулер, дәрістер, құқық қорғау органдарының өкілдерімен, заңгерлермен әңгімелер өткізу.
«BALA_TIME.KZ» бағыт бойынша іс-шаралар
- «Бала қорғау» Telegram-чатының, call-орталықтардың, сенім телефондарының жұмысы туралы ақпаратты тарату;
- ата-аналардың, педагогтардың балалар өкілдіктерімен, мектеп парламенттерінің президенттерімен кездесулерін ұйымдастыру және өткізу;
- балалардың мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар отырыстарының жұмысына балалардың қатысуын қамтамасыз ету.

Жалпы аудандық сенбілік аясында Ж.Каипов атындағы орта мектебінде мектепішілік сенбілік өтті. Бұл іс-шараға мектеп директоры М.М.Уракбаеваның басшылығымен мектеп мұғалімдері, кіші қызметкерлер толықтай қатысты. Қоршаған ортаның экологиялық тазалығына барлығы бірдей атсалысып, өз үлестерін қосып, белсенділік танытты.
«Жақсылық жасау адамның әдептісі» сынып сағаты , «Досы көпті жау алмайды » тәрбие сағаты, «Үлкенге құрмет - кішіге ізет» ашық тәрбие сағаты, «Мен соғысты көрген жоқпын» , «Егер мен ақын болсам » ,«Адамдық – азаматтық белгісі» тәрбие сағаты өткізілді.
Ата-ана жиналысының хаттамасы
Сіз қандай ата- анасыз? 14 балл
Мен өз құқығымды білемін ? 16 бал

Нәтижесінде
Оқушылар өз міндеттерін түсінетіндерін жіне өз еріктерімен қабылдай алатындарын,өз іс-әрекеттерін дұрыс бағалауға, дамыта жетілдіруге ,өзін танып білуге баули отырып,өз мақсатыма толық жеттім.




Дене шынықтыру мұғалімдері "Ұлттық ойын-ұлттық құнды мұра" атты іс-шара өткізді.
Мақсаты:Оқушыларды салауатты өмір -салтына қалыптастыру,ұлттық ойындарды күнделікті өмірде ойнату арқылы насихаттап отыру.
дүйсенбі жоспарға сәйкес сынып жетекшілер «Құстар біздің досымыз», «Зиянды әдеттен аулақ бол» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді.






ЛЕЗДЕМЕ(линейка) сағаты Жұмыс барысы:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Өткен аптадағы кезекші сыныптың есебі.
3.Марапаттау



«Ескерткіштерді қорғау күні»
Таңғы жаттығу


"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП-ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰЛТ"
жобасы аясында"Ж.Каипов" атындағы орта мектеп КММ-да 4 сынып оқушыларының

📖Оқу ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы, адамды тәрбиелейді және рухани байытатын кітаптарды оқу.

📘Кітап оқуға бала кезден баулу керек. Адамның әдебиетке деген махаббаты сол балалық шақтан пайда болады."

Ж. Қаипов атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН» атты тақырыпта мекерлік іс-шара өтті.
Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушылардың достық қарым-қатнастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
Іс-шараға Қазақ ұлтының өкілі Бакасов А, Орыс ұлтының өкілі Валиева Б.А, Ұйғыр ұлтының өкілі Илахунова З, Түрік ұлтының өкілі Турсунов Г әр ұлт өкілдері барша халықты бірлік күнімен құттықтады.
9"б" Қазақ ұлтының киімін киіп Би күйін орындады.
8"А"сыныбы
Корея ұлтының киімін киіп «Огенный лотос» биін биледі.
8"ә"сыныбы оқушылары Өзбек ұлтынының киімін киіп Өзбек биін биледі.
8"б" сынып оқушылары Ураин ұлтының киімін киіп Черевычка биін биледі.
8"в" сынып оқушылары Грузин ұлтының киімін киіп Грузин биін биледі.
9"а" Орыс ұлтының киімін киіп Калинка биін биледі.
9"ә" сынып оқушылары Араб ұлтының киімін киіп Habıba биін биледі.
10 сынып оқушылары түрік ұлтының киімін киіп Халай биін биледі.
Барлық ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында Бірлігіміз жарасқандығын көрсетті.
8"б"сынып оқушысы Әбдінұр Азамат "Мен Қазақпын" әнімен іс-шарамызды аяқтады.


26 сәуір "Жігіт сұлтаны-2022ж" сайысы өтті.
"Жігіт сұлтаны-2022" сайысының нәтижесі:
Бас жүлде: Жармуханбет Данияр-10 сынып
1 орын Аманжол Елжас-9ә сынып
2 орын Ербосын Ернар
3 орын Кадыров Ельнур

"Ж.Каипов атындағы орта мектеп" КММ-де Қазақстан халқының бірлігі күнінен орай "Мен, сен,ол бәріміз-тұтас елдің сәніміз" атты спорттық эстафета өткізілді.
1. Топтарды ортаға шақыру
2. Әнұран
3. Эстафета
2 бөлімнен тұрады.
І бөлім «Жарысайық бәріміз». Бұл бөлімде топтар топтасып сайысқа түседі.
ІІ бөлім «Кім ұқыпты, кім шапшаң». Бұл бөлімде топтағы ойыншылар жекесайысады.4. Қорытынды. Жеңімпаздарды анықтау.
Топтарды марапаттау.

28 сәуір күні
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Балаларға базарлық" жобасы аясында "Бауырсақ" ертегісін назарларыңызға ұсынамыз!
Жетекшісі: А.Сарлыбаева

Домбыра үйірмесі "Домбыра дастан" - үйірмесінде оқушылар өз армандарын орындап, музыкант болады.
Үйірмеге 7-16 жас аралығындағы оқушылар қатысады.Үйрменің басты мақсаты-қазақ халқының музыкалық мәдениетіне баулу, музыкалық-эстетикалық тәрбие мен орындаушылық шеберлікті дамыту және жетілдіру арқылы баланың музыкалық мәдениетін тұлғаның жалпы мәдениетінің бір бөлігі ретінде қалыптастыру.Үйірме баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып құрылған. Жетекшісі: А.Бакасов
1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Тұрақтылық тұғыры-татулық" атты көрме ұйымдастырды.
Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі.


Жаугершілік заманда көшіп-қонып жүріп те берекесінің қазанын ортайтпады. Қасиеті қанағатшыл алаш баласы ағаш бесік пен жер бесік арасындағы бұралаңы мен соқпағы қатар өмір жолдарында жан баласын өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашан да тарылмаған кеңдігімен еліміздің тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Балалардың игілігі үшін" республикалық акциясын өткізу
"Жайлы мекен "бағыты бойынша іс-шаралар



Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Балалардың игілігі үшін" республикалық акциясын өткізу
"Отбасы- қауіпсіз мекен" бағытындағы іс-шаралар "Менің отбасымның ағашы" бастауыш сынып тарымен жүргізілген профилактикалық жұмыстар.

Сынып жетекшілерінің жиналысы
Қаралған мәселелер:
1.Жазғы лагерь
2. Оқушылардан өтініш алу
3 Оқушының өмір қауіпсіздігі

«Түнгі рейд» аптасына 3 рет жүргізіліп отырады.
лездеме(ленейка ) сағаты
1. Оқушылармен амандасу
2. Кезекші сыныптың есебі
3 Марапаттау

5-7 сынып қыздары арасында " Қыздарға қырық үйден тыйым" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағұлымат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту, жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.

Қаралатын мәселелер: 19 мамыр. 1. Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі
2. Мектеп жанындағы демалыс лагері
3. Жазғы мектеп
4. Әр-түрлі мәселелер


ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату. Салауатты өмір салтын қалыптастыру
4 сыныптары арасында «Көңілді мәре» тақырыбында қысқы спорттық сайысы оздырылып, бұл сайысқа оқушылар қызығушылықпен қатысты. Бұл сайысты өткізудегі мақсатымыз : оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге тәрбиелеу. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту болатын.

5 сыныптар "Бейбіт күн жасасын әлемде " атты қабырға газеттерін ұйымдастырды. Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу

«Қауіпсіз өмір!» ұранымен 11-12-13 сәуір күндері өтетін сыныптық ата-аналар жиналыстары өтті.
Мақсаты: Білім алушылардың өмірін сақтау, жауапкершілікті күшейту мен өзін-өзі сақтайтын мінез-құлыққа дағдыландыру, ата-аналарға жарақаттың барлық түрінің алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру
Күн тәртібінде: 1-4 сынып «Қауіпсіз өмір!» (Балалардың суға батуы, биіктен құлау, уланған жағдайда алдын алу шаралары, алғашқы дәрігер алды көмек көрсету, балалар арасында электр жарақаты, балалардың күюі, тақырыптарында) баяндама
5-11сынып «Өмірің өз қолыңда» (Балалардың суға батуы, биіктен құлау, уланған жағдайда алдын алу шаралары, алғашқы дәрігер алды көмек көрсету, балалар арасында электр жарақаты, балалардың күюі, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын- алу тақырыптарында) баяндама

5-7 сынып қыз балаларына, 8-11 сынып қыз балаларына жас ерекшеліктеріне қарай бөлек жоспар жасалды. Жыл бойы бекітілген жоспарға сай жалпы мектепішілік қыз балалар кеңесі жұмыстанды.
09 қыркүйек 8-11 сынып, 11 қыркүйек 5-7 сыныптар үшін екі буында да алғашқы жалпы мектепішілік жиналыс өтті. Бұл жиналыстың мақсаты қыз балаларды әдептілікке, адамгершілікке, мектепте, қоғамдық орындарда жүріп-тұру мәдениетіне тәрбиелеу. «Қызға қырық үйден тиым» тақырыбында қыздар кеңесінің жетекшісі ДТІЖО И.Канлыбаева баяндама жасап, қыз балалар арасында болатын кейбір тәртіпсіздікке тоқталып, мектепте, көшеде жүру мәдениеті, киім кию үлгісі туралы айтылды. Сонымен қатар әр сыныптан қыздар кеңесіне мүшелер сайланды. Сайланған мүшелер жыл бойы қыз балалардың мектептегі әр түрлі шараларға қатысуына атсалысып, мектеп формасына сай киім киюін қадағалап жоспар бойынша өз жұмыстарын атқарды.
Желтоқсан айында салауатты өмір салтын насихаттау айлығына орай «Қыз – болашақ ана» тақырыбында мектеп медбикесі А. Ташкенбаевамен кездесу өтті. Қыз балалармен түсінік жұмыстарын жүргізіп, қыз балалардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар жеке бас гигиенасы, жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы аурулар туралы айтып, оның алдын алу бағытында дәрігерлік кеңес берді.
Ақпан айында «Шын дос болу – бақыт» тақырыбында педагог ұйымдастырушы С.Мирзақанова баяндама жасап, қыз балалар мен ұл балалар арасындағы достық, сыйластық қарым-қатынас туралы әңгіме жүргізіп, сүйспеншілік, махаббат тақырыбында пікірін білдіріп, өз ойларын ортаға салды.
Жыл бойы мектеп психологы қыздар арасында түрлі сауалнамалар жүргізіп, қорытындысымен сынып жетекшілерді таныстырып отырды. Жыл соңындағы қорытынды жиналыста қоғамдағы діннің орны және диструктивтік діни ағымдарға тартылудың кері әсері туралы айтылып, қазіргі таңдағы діни ұйымдардың алдап-арбауына түсіп қалмауды ескертіп, жастардың қолымен жасалып жатқан қылмыстық әрекеттердің көптеп келе жатқаны атап өтіліп, жазғы демалыс кезінде өмір қауіпсіздігін сақтап, заңды өкілсіз, мезгілсіз уақытта көшеде жүрмеу қатаң ескертілді.

" Түлек-2022 Жаңа Қазақстанның ертеңі атты салтанатты іс-шарасы 1-7 сыныптар арасында өтті. Соңғы қоңырау мерекесінің маңызын балаларға жеткізе білу, білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу мақсатындағы «ТҮЛЕК 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі » атты салтанатты жиын 25 мамыр күні мектеп алаңында өтті. Алдын ала шара өтетін орын банер, шарлармен, плакаттармен, гүлдермен безендірілді. Оқушылар сапқа тұрғызылған соң, әнұран орындалды. Арнайы келген қонақтар таныстырылды. Алғашқы құттықтау сөзін ауыл әкімі М.Сүгірбеков сөйлеп, оқушыларға сәт-сапар тіледі. Келесі құттықтау сөзді мектеп директоры М.Уракбаева сөйлеп, оқу жылы бойы жетістікке жеткен мектеп оқушыларын марапаттады. Оқу үздіктерін атады. Жылдан жылға ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан «Білім кілтін» тапсыру рәсімі орындалды.

Балалар мен жасөспірімдердің бойында позитивті өмірлік ұстаным қалыптастыру бойынша шаралар Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі. қыркүйек айында №1 сынып жиналыстары өткізілді. Жиналыстың негізгі күн тәртібі дәріс «Үйде, көшеде, қаладағы тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» сонымен қатар оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптар мен қауіпсіздік ережелерімен ата-аналар мен оқушылар таныстырылды. Мамыр айында № 5ата-аналар және сынып жиналыстарында «Жазғы уақыттағы өмір қауіпсіздігі» қайта таныстырылып, қол қойылды.
5-11сынып «Өмірің өз қолыңда» (Балалардың суға батуы, биіктен құлау, уланған жағдайда алдын алу шаралары, алғашқы дәрігер алды көмек көрсету, балалар арасында электр жарақаты, балалардың күюі, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын- алу тақырыптарында) баяндама 9-11 сынып «Мамандық таңдауда ата-ана мен бала көзқарасы» тақырыбында ой-бөлісу. Оқу-тәрбие үрдісі.
SWOT – талдау
Strengths-мықты жағы
- білім алушылардың тәртібі;
- Opportunities-мүмкіндіктер
-
-
Weaknesses-әлсіз жағы
-

Threats-қауіп қатерлер
-
-











Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Оқу жылының басында 2022-2023 оқу жылына міндеттер айқындалды, тәрбие жұмысының жоспары мектептің оқу тәрбие жоспары негізінде 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілді, тәрбие жұмысының бағыттары белгіленіп бекітілді8 бағыт бойынша іске асты. Сынып жетекшілер тағайындалып, сынып кабинеттері бекітілді. Сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім киісіне, күн режиміне біріңғай талаптар қойылды. Төмендегі жұмыс тәртібі мен қағидаларына сәйкес жұмыс жүргізілді.
Қазақстан республикасы білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 22 сәуіріндегі №227 бұйрығымен бекітілген « Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» мен «Мәңілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын негізге ала отырып тәрбие жұмысының жылдық жоспар құрылып, бекітілді.
Тәрбие жұмысының құрылымы:
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет
Ата-аналармен жұмыс
Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы
Өзін-өзі басқару жүйесі
Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңесі
Мектептен тыс мекемелермен байланыс жұмыстары
«Жансая» қыздар клубы
Қамқоршылық кеңесі
«Жас Ұлан» ұйымы
2022-2023 оқу жылы өткізілген тәрбие сағаттары бойынша:
1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие- 58
2. Рухани-адамгершілік тәрбие-43
3. Ұлттық тәрбие-52
4. Отбасы тәрбиесі-56
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие-61
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие-38
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі-78
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты-67




Мектебімізде 2022-2023 оқу жылы жоспарға сай жұмыстар жыл бойы жүргізілді. Алдағы жылы жоспарға сай жұмыстар жүргіземіз.