Кітапхана жұмысының жылдық есебі » Ж.Қаипов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Қаипов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кітапхана жұмысының жылдық есебі
14
июль
2023

Кітапхана жұмысының жылдық есебі

zhartyzhyldy-esep-sandu.docx [6,13 Mb] (cкачиваний: 48)
Посмотреть онлайн файл: zhartyzhyldy-esep-sandu.docx
zhartyzhyldy-esep-sandu.docx [6,13 Mb] (cкачиваний: 48)
Посмотреть онлайн файл: zhartyzhyldy-esep-sandu.docx
zhartyzhyldy-esep-sandu.docx [6,13 Mb] (cкачиваний: 48)
Посмотреть онлайн файл: zhartyzhyldy-esep-sandu.docx
zhartyzhyldy-esep-sandu.docx [6,13 Mb] (cкачиваний: 48)
Посмотреть онлайн файл: zhartyzhyldy-esep-sandu.docx
zhartyzhyldy-esep-sandu.docx [6,13 Mb] (cкачиваний: 48)
Посмотреть онлайн файл: zhartyzhyldy-esep-sandu.docx

Кітапхана жұмысының жылдық есебі
2022--2023 оқу жылы

Негізгі мақсаты:
Оқушыларды кітап оқуға тарту, қызығушылығын арттыру. Әдебиеттерді оқуға үйрету арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, тілін байытып, білімге деген ізденістерін қалыптастыру. Балалардың кітап оқуға деген ынтасын көтеру, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Кітапханада анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету.
Қыркүйек айында барлық сыныптарға оқулық таратылып берілді.
Жалпы мектеп тарапынан 100% оқулықпен қамтылды. Ата-ана қамқорынсыз қалған, жетім, көпбалалы, әл-ауқаты төмен балалар оқулықпен 100% қамтылды.
Кітапхана қоры ББК жіктеуімен орналасқан. Кітапханада 879 оқырман кітап алып оқиды. Кітапханада тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылған.
Әр жаңа оқу жылының басында оқырмандарды қайта тіркеу жүргізіледі. Тіркеу номері оқырманның формулярына түсіріледі. Алған кітабының бірінші бетіндегі жапсыру парағына оқырман номері жазылып, кітапты қайтару күні белгіленеді. Оқырмандардың алған кітаптары сала бойынша бөлініп, күнделікке түсіріледі. Айдың соңында кітапханаға келген оқырман саны есептеледі. Оқырмандарға үнемі қызмет көрсетіледі. Кітап таңдау жағдайында кеңес беріледі.


Оқырман күнделігі, әр сыныптан оқырмандар кітапханаға келіп күнделікті оқыған кітабының мазмұнын дәптер бетіне түсіріп жазады.
Оқырман күнделігі бұрышы ұйымдастырылған.

«Әдістемелік-ұстаздардың сенімді серігі» тақырыбында ұстаздарға арналған әдістемеліктер, ғылыми-танымдық көмекші құралдарды, демонстрациялық материалдарды күнделікті сабақтарына қолданып отырады.


Мектеп кітапханасының кітап қоры
Кітап қоры – 17507
Оқулықтар – 15710
Көркем, салалы әдебиет – 1797
Электронды оқулық – 193
Әдістеме құралдар - 227
Оқулықпен қамтылуы – 100%
Оқырмандар саны – 879
Кітапханаға келу саны – 8820
Кітап берілімі – 9650


Оқулықпен қамтылуы туралы мәлімет
сыныбыОқушы саныҚамтылуы
194100
277100
384100
487100
594100
684100
780100
878100
990100
1054100
1121100
барлығы843100

Қыркүйек айы
«Бір ел-бір кітап» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Негізгі мақсаты: жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, оқу мәдениетін қолдау және дамытуға, рухани мұраны сақтауға жәрдемдесу болып табылады.
«Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихына, поэзия және проза тақырыптарына шолу жүргізілді. Көрмеде «Менің Отаным Қазақстан», «Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары», «Қазақтың дарқан дастарханы», «Қазақтың зергерлік өнері», анықтамлар, энциклопедяилар орын алды. Оқырмандарға шолу жүргізілді.
Оқуға құштар мектеп аясында 4 сынып оқушыларымен «Кітап оқу» сағаты жүргізілді. Мақсаты: кітап оқуға, кітап арқылы өзін дамытуға, рухани құндылықтарды бойына сіңіруге ықпал ету.
Кітап оқу сағаты бойынша 4 сыныптар кітапханаға келіп кітап оқыды.

Қазан айы
Кітап оқу сағаты 6 сынып оқушыларымен өткізілді.
Негізгі мақсаты: оқуға құштар оқырман қалыптастыру, кітап оқуға баулу.
Ыбырай Алтынсариннің 181 жылдығына орай «Дала қоңырауын қаққан ұстаз» атты шағын сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Сазды бағдарламада 7сынып оқушылары Ыбырай Алтынсариннің «Мұңсыз адам» әңгімесінен қойылым көрсетті. Өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. 7б сынып оқушылары «Ақжұлдыз» би тобы би биледі. 7б сынып оқушысы Әбілхайыр Маржан «Көкдөнен» күйін орындады.
Қараша айы
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді.
Сайыс нәтижесінде бас жүлде, 1 орын, 2орын, 3орын иеленді. Сайыс нәтижесінде бас жүлде 5ә сынып оқушысы Ыбырайымхан Інжу иеленді, 1орын 6ә сынып оқушысы Тұрғанбек Тұмар, 2 орын 7 сынып оқушысы Халмат Әсел, 3 орын 7а сынып оқушысы Мұрат Өркен иеленді.
Желтоқсан айы
Тәуелсіздік күні. «Тәуелсіз Қазақстан - тұрақты ел» тақырыбында барлық оқырмандар үшін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: Әр халықтың жүрегіне жақын, заманалық мән-мағынасы бар қастерлі де қасиетті мерекесі болады. Сол сияқты қазақ халқының ең басты мерекелерінің бірі – ата-бабаларымыздан ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздік күні екенін түсіндіру. Көрмеде «Қазақстан Республикасының рәміздері», «ҚР Конституциясы», «Қазақтың Ата Заңдары», «Менің Отаным - Қазақстан», «Қазақстан» эциклопедиясы, «Тарихи тұлғалар», «Жетісу», «Қазақстан» фото-альбомы кітаптары орын алған. Көрмеге шолу жүргізілді.
«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету. Оқушыларға желтоқсан құрбандары мен желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
«1001 мақал, 101 жұмбақ» атты сайысы 8 сыныптар арасында өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға ата-бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы адамгершілікке, ойын рақты жеткізе білуге, сөздік қорын молайтуға үйрету. Отбасы дәстүрін сақтауға, ата-аналарын, қарттарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ұлы ақын, философ Абай Құнанбайұлының шығармаларына арналған кітапханада барлық оқырмандарға арналып «Абай – қазақтың ұлы ақыны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: қазақтың белгілі ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу, Оқырмандар шығармаларымен мазмұнына қарай таныс болды. Көрмеде Абай Құнанбайұлының шығармалары, қазақ әдебиеті оқулықтары, қарасөздері, өлеңдер жинағы, поэмалары орын алды.


Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Кітапханаға саяхат» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат жүргізілді. Негізгі мақсаты: жас оқырмандарды кітапханамен таныстыру, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқу мәдениетіне үйрету. Бастауыш сынып білім алушылары кітапханада бар көркем әдеби кітаптармен, сынып оқулықтарымен, балаларға арналған журналдармен таныстырылды. Түрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелерге шолу жүргізілді.
Қаңтар айы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап оқу сағаты 7 сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі Жикпелов Мақсат. Оқушы саны – 20 оқушы. Оқушыларға 20 минут уақыт беріледі, кітаптан оқығанын күнделік дәптеріне жазып отырады. Негізгі мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.




«Әуезов – әдебиетіміздің классигі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: жазушының шығармаларымен таныстыру, өмірбаяны туралы ақпарат беру.
Көрмеде Әуезов шығармалары , атап айтсақ, «Абай жолы» томдары, «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы , «Путь Абая», 50 томдық шығармалар жинағы, «Қорғансыздың күні» , «Тарихи тұлғалар» кітаптары орын алды.
Оқырмандар өздеріне қызықты кітаптарын алып оқыды.


7-11 сынып оқушыларына анықтама, энциклопедия, сөздіктермен жұмыс жүргізу туралы көмек көрсетілді. Оқушылар керекті мағлұматтарды энциклопедиядан, анықтамадан, сөздіктерден тауып оқып пайдаланды.

Оқулықтардың жағдайына байланысты тазалығы тексерілді.
4а сыныбында 20 оқушы бар. Оқушылар сабақ кестесіне сай оқулықтарды толық әкелген. Кітаптар қапталған, таза ұсталған.
4ә сыныбында 22 оқушы бар. Оқушылар сабақ кестесіне сай оқулықтарды толық әкелген. Кітаптар қапталған, таза ұсталған.
4б сыныбында 24 оқушы бар. Оқушылар сабақ кестесіне сай оқулықтарды толық әкелген. Кітаптар қапталған, таза ұсталған.
4в сыныбында 20 оқушы бар. Оқушылар сабақ кестесіне сай оқулықтарды толық әкелген. Кітаптар қапталған, таза ұсталған.



Ақпан айы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап оқу сағаты 2 сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі : Оразалина Қ. Оқушы саны – 19 оқушы. Оқушыларға 20 минут уақыт беріледі, кітаптан оқығанын күнделік дәптеріне жазып отырады. Негізгі мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.





М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Негізгі мақсаты: ақиық ақын Мұқағали мұрасын, оның өлеңдері мен ақын жайлы естеліктерді көпшілік арасында кеңінен насихаттау, оның ақындық талантына бас ие отырып, оқырмандардың жүрегіне ұялату. Оқушылардың өнерге, поэзияға сүйіспеншілігін ояту. Көрнекілігі: ақын суреті, естелік сөздер жазылған плакаттар, фото-слайдтар.
Негізі 3 бөлімнен тұрады.
1бөлім. Поэзия – жүрек тілі (ақын өлеңдерін жатқа оқу)
2бөлім. Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндер.
3бөлім.Жазылар естеліктер мен туралы
Кеште ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, өлеңдері жатқа оқылып, естеліктер туралы айтылды. Кеш соңында көрермендердің тілектерімен аяқталды. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Мәңгілік ел алыбы» тақырыбында барлық оқырмандар үшін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: оқырмандардың ақынның шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру. Көрмеде ақынның шығармалары, жыр-жинақтары, «Аманат», «Есіңе мені алғайсың», «Мен сірә, өлмейтін шығармын», «Мұқағали шығармалары» , «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін», «Мұқағали» журналы орын алған. Оқырмандар ақын шығармаларын көрмедегі кітаптардан алып оқып, пайдаланды.



«Жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбында барлық оқырмандар үшін кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: Жамбылдың ақындық қызметі мен шығармаларын таныстыру.
Көрмеде ақынның шығармалары, ақын туралы жазылған мақалалар, газет-журналдар, «Жамбыл» журанлы, «Аңыз адам» журналы орын алды.




Наурыз айы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап оқу сағаты 3 сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі : Кидралиева Х. Оқушы саны –15 оқушы. Оқушыларға 20 минут уақыт беріледі, кітаптан оқығанын күнделік дәптеріне жазып отырады. Негізгі мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап оқу сағаты 6 сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі: Уразбаева Ж . Оқушы саны – 12 оқушы. Оқушыларға 20 минут уақыт беріледі, кітаптан оқығанын күнделік дәптеріне жазып отырады. Негізгі мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.


«Оқырман жанұя» тақырыбында 2 сынгыптар арасында отбасылық сайыс өткізілді. Негізгі мақсаты: туған тілімізді сүюге, туған жерін құрметтеуге, жан-жақты білімділікке, кітапқұмарлыққа баулу. Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, слайд.
Оқырмандар ата-аналарымен қатысты, сайыс барысында оқырмандар 4-айналым бойынша жарысты. Қорыта келе, 2в сынып Серіковтар отбасы бас жүлдені иеленді. 1орын – Нұрбақыт отбасы 2б сыныбы, 2 орын – Абидынұр отбасы 2а сыныбы, 3орын – Қасымбековтер отбасы 2в сыныбы орын алды. Кеш соңы тілек айтумен аяқталды.







«Тұмағаңды еске алсақ» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: оқырмандарды ақынның өмірбаяны, шығармаларымен таныстыру.
Көрмеде ақынның жинақтары орын алды, «Шақырады көктем», «Тарихи тұлғалар», газет-журнал беттерінен , «Жүрегімнің сөзі» кітаптары.

«Шақырады көктем» тақырыбында ақын Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығына арналған кеш ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты:Ақынның өмірімен таныстыру, ақын шығармаларының мазмұнын ашу, өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру. Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау, ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу.
Көрекілігі: ақын туралы айтылған естеліктер жазылған плакаттар, өлеңдерінен үзінді, фото-слайд, кітап көрмесі.
Кеште ақынның өмірбаяны оқылып, естеліктер айтылды. Ақын өлеңдерін жатқа оқып, шығармаларына жазылған әндерді орындады.
Кеш соңы қонақтардың тілегімен аяқталды.



«Талап қыл артық білуге, артық бәләм кітапта» тақырыбында 7 сыныптар арасында сайыс өткізілді. Негізгі мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға деген ынтасын көтеру. Кітап арқылы білімін , ой-өрісін дамыту. Кітап арқылы ізденіп, кітап оқуға құштарлығын арттыру.

Бұл сайыс 3 айналымнан тұрады.
1 айналым таңдап алған кітап авторы туралы толық мәлімет беру, газет шығару, слайд көрсету.
2 айналым таңдаған кітабы туралы толық мәлімет беру, шығармадан үзінді көрініс қою немесе шығармаларын жатқа оқу.
3 айналым сұрақ-жауап деп аталады, мәтін оқылады, сол оқыған шығарманың авторын, атын табу.
Сайыс соңында сөздер әр топқа сөздер беріледі, сол сөз арқылы сөз құрау.
1орын 7б сыныбы, 2 орын 7ә сыныбы, 3 орын 7в сыныбы иеленді.


Мамыр айы
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналып барлық оқырмандар үшін «Ынтымақ – достық кепілі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: 1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу, ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Көрмеде ынтымақ, бірлік, халықтар достығы, Қазақстан Республикасы, атамекен туралы кітаптар, газет-журналдар орын алды. Оқырмандар керекті мағлұматтарды кітап көрмесінен алып оқып, пайдаланды.


9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - ұлағат» тақырыбында барлық оқырмандар үшін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: балаларды адамгершілкке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Ұлы Отан соғысы, Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Көрмеде атамекен, қазақ батыры Бауыржан Момышұлы, қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова , Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы , Ұлы Отан соғысының батыры Жүнісбай Қайыпов туралы мәліметтер орын алды.

Оқырмандар көрмеден керекті мағлұматтарды алып, оқуға пайдаланды.

Кітапханашылар: С.Мамырбаева, Қ.Қалниязова