эстетикалық пәндер бірлестігінің жылдық есебі » Ж.Қаипов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Қаипов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » эстетикалық пәндер бірлестігінің жылдық есебі
14
июль
2023

эстетикалық пәндер бірлестігінің жылдық есебі

Биылғы 2022-2023 оқу жылында эстетикалық пәндер бірлестігінде 7 мұғалім қызмет етеді. Тамыз айында бірлестіктегі мұғалімдер жиналыста бірлесе отырып, жылдық жоспарды құрдық, жоспар бекітіліп, сол бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл басында бірлестік отырысында әр мұғалімге сағат сандары бөлініп берілді. Бірлестіктегі мұғалімдер өз пәндері бойынша биылғы оқу жылының басынан аудандық ашық есік күндеріне арналған семинарларға қатысып, іс-тәжірибе алмасып келді. Мектепте көптеген іс-шараларға және үйірмелерге қатысып белсенділік танытты.
Бірлестікте:
Педагог- шебер -1
Педагог - зерттеуші - 2
Педагог - сарапшы - 2
Педагог- модератор – 1
Санаты жоқ -1

№ Мұғалімнің аты-жөні санаты мамандығы
1 Уракбаева Мейрамкүл Мирзояновна Педагог-шебер Музыка пәні мұғалімі
2 Жолдасова Сауле Камилевна Педагог-зерттеуші Музыка пәні мұғалімі
3 Естемесов Талипжан Әбдашимович Педагог-зерттеуші Технология пәні мұғалімі
4 Бақасов Азатжан Педагог-модератор Технология, музыка пәні мұғалімі
5 Абубакирова Майра Маликаждаровна Педагог-сарапшы Технология пәні мұғалімі
6 Омарова Балкия
Бейсенбековна Педагог-сарапшы Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі
7 Тлеубаева Гулвира - Бейнелеу өнері және сызу
Музыка пәндері бойынша оқу жылы барысында МАД тобында 0 а,ә - 4 сағат; 1 а,ә,б,в - 4 сағат; 2 а,ә,б,в – 4 сағат; 3 а,ә,б,в – 4 сағат; 5а,ә,б,в – сағат; 6 а,ә,б,в – 4 сағат; үйірмелер: 6 а,ә,б,в – 2 сағат; 7 а,ә, б,в –2 сағат; бойынша жұмыстар атқарылып, қосымша үйірм сабақтар жүргізілді. Мереке уақытына сәйкес келген күндер басқа күнге ауыстырылып, қалған сабақтар өз уақытында өткізілді. Тоқсандық, жылдық қорытынды бойынша ЕСП (есептелінді) қлорытындысы қойылып отырды. Музыка пәндері бойынша жоспарланған жұмыстар толық атқарылды.
Бейнелеу өнері пәні бойынша бастауыш сыныптарда: 1 а,ә,б,в - 4 сағат. Көркем еңбек пәндері бойынша: 1 а,ә,б,в – 4 сағат; 2 а,ә,б,в - 4 сағат; 3а,ә,б,в – 4 сағат; 4 а,ә,б,в – 4 сағат; 5а,ә,б,в – (қыз)8 сағат, (ұл) -8 сағат; 6 а,ә,б,в – (қыз) 8 сағат, (ұл)- 8 сағат; 7 а,ә,б,в – (қыз)4 сағат, (ұл)-4 сағат; 8 а,ә,б – (қыз) 3сағат, (ұл) -3 сағат; 9 а,ә,б,в –(қыз)4 сағат, (ұл)-4 сағат аталған сыныптар бойынша пән мұғалімдері сабақтарын кесте бойынша өздері жүргізіп отырды. Музыка, көркем еңбек сабағынан қосымша , үйірме, факультатив сабақтары да уақытылы жүргізіліп жүрді. Пән мұғалімдері аудандық, облыстық, республикалық байқауларға және түрлі іс-шараларға белсене атсалысып қатысып келді. Бұл пәннен де жоспарға сай жұмыстар атқарылып келеді.
Мектепте пән бірлестіктерінің онкүндіктері болды. Мұғалімдер өзара сабаққа қатысып, тәжірибе алмастық.
Пән мұғалімдерінің 2022-2023 оқу жылындағы жеткен жетістіктері:
1.Урақбаева Мейрамкүл Мирзояновна. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің «Қазақстан Республикасының жалпыхалықтық мерекесі – Конституция күнімен» құрмет грамотасы.
2.«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «ТҰЛҒАСЫ ТҰНҒАН ТӘЛІМ-РАЙЫМБЕК» тақырыбындағы облыстық ғылыми жобалар байқауының жүлдегері II-дәрежелі диплом.
3.«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «ТҰЛҒАСЫ ТҰНҒАН ТӘЛІМ-РАЙЫМБЕК» тақырыбындағы облыстық ғылыми –тәжірибелік конфенецияға белсене қатысып, білім беру саласын дамытуға зор үлес, өнегелі тәрбие, сапалы білім берудегі кәсіби шеберлігі үшін алғыс хат.
4.Алматы облысы «Білім басқармасы басшысының кубогы» аудандық, қалалық білім бөлім басшылары, облыстық білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінің директорлары арасында шахматтан облыстық турнирге қатысқаны үшін алғыс хат.
5.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқы жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанғаны үшін «Аманат партиясы» Астана қалалық Бірлік филиалы атқарушы хатшысы, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы директорының I-дәрежелі дипломмен марапатталды.



2. Омарова Балкия Бейсенбековна. Абай атындағы ҚазҰПУ-де ұйымдастырылған Қожа Ахмет Яссауидің 930 жылдығына орай "Қазақ тарихындағы Яссауидің алатын орны" атты Республикалық сурет-көрме байқауына қатысып бас жүлде 9"В" сынып оқушысы Набиева Баян дипломмен марапатталды.
I-орын 9"Б" сынып оқушысы Садық Айша иеленгендері үшін дипломдармен марапатталды. Жетекшісі: Омарова Балқия Бейсенбековна дарынды оқушы дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

3. Жолдасова Сауле Камельевна. «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Дала сазы» байқауы
1. Бас жүлде 5 сынып Ерболқызы Кәусар
2. Бас жүлде 2 сынып оқушылары: Тәліпжан Айсұлу, Қабылбек Бекжан
3. I-орын 3 сынып оқушылары: Нұрланқызы Хабиба, Жансерік Әния, Шөпчек Іңкәр дипломдармен марапатталды. Жетекшісі Жолдасова Сауле Камельевна алғыс хатпен марапатталды.
4. Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен «Абай-Шәкәрім» оқулары атты «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Әбдінұр Азамат III-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Жолдасова Сауле Камельевна.


07.03.2023-17.03.2023 жыл аралығындағы эстетикалық пән бірлестігі онкүндігінің қорытындысы
Тақырып: «Наурыз - Думан»
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын арттыру. Қазақ халқының салт-дәстүрі, қолөнер түрлерімен сусындату, күнделікті өмірмен байланысты талғам жасай білуге тәрбиелеу. Адамгершілік қасиетке бай білімді, өнегелі, намысшыл парасатты, еңбекқор ұрпақ қалыптастыру.
Пән апталығының жоспары ӘБ отырысында қаралып, бекітілді.
Апталық 7 наурыз бен 17 наурыз аралығында «Наурыз-Думан» атты тақырыбында өткізілді. Наурыздың 7 күні «Ұстаздан шәкірт озар» тақырыбында оқушыларымызбен ұстаздарымыздың шығармашылығынан оркестр және көрме ұйымдастырылып, апталықтың ашылу салтанаты болды. Көрмеге оқушылардың шығармашылық жұмыстары және аудандық , республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орын алған оқушылардың қолынан шыққан өнер туындылары қойылды .
Әр мұғалім өз білімін өздері жабдыктап көрнекі құралдарды өздері жасайды әрі сабақта оны тиімді пайдаланады. Жыл сайын көрнеліктерді толықтырып отырады. Әдістемелік танымдық және оқулықтары бойынша.
Тлеубаева Гулвира 13 –наурыз күні «Шебер қолдар» үйірмесі бойынша оқушылардың шығармашылығынан жеке көрме ұйымдастырды. Мұғалімнің шеберлігігі практикалық жұмыспен ұштастырылған.
Абубакирова Майра Маликаждаровна көркем еңбек пәні мұғалімі. 14 –наурыз күні 5 «Б» сынып оқушыларымен «Бұйым дайындау» тақырыбында сабақ өтті. Мұғалім сабақты түсіндіру барысында көптеген көрнекіліктерді қолданды. Оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысты. Сабақта жаңа технология әдіс тәсілдері қолданылды. Мұғалім сабақта ұстамды, этикасы жақсы.

Омарова Балқия Бейсенбековна бейнелеу өнері және көркем еңбек пәнінің мұғалімі. 14-наурыз күні 3 «Б» сыныбында «Атақты тұлғаның портретіне жақтау жасаймыз» тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың барысы ұйымдастыру кезеңінен басталды. Үй тапсырмасын сұрау барысында сұрақтар берілді. Мұғалім көрнекіліктерді тиімді пайдалана отырып, тақырып мазмұнын ашып берді. «Галереяға саяхат» арқылы жаңа сабақты түсіндірді. Мұғалімнің шеберлігімен теория практикалық жұмыспен ұштастырылды. Сабақтын соныңда сұрақтар арқылы оқушылардың сабақ барысында алған білімін пысықтады. Үйге тапсырма беріліп бекіту сұрақтарымен пысықталды, оқушылар білімі бағаланды. Мұғалімнің педагогикалық әдіс шеберлігі жақсы, тақырыптың мазмұнын ашуда жаңашыл педагогикалық тәсілдерді тиімді қолданды.

Жолдасова Сауле Камильевна музыка пәнінің мұғалімі. 15-наурыз күні 3 «Ә» сыныбыда «Ахмет Жұбанов» тақырыбы бойынша cабақ өтті. Сабақ барысында Ахмет Жұбановтың шығармаларынан үзінді әндер шырқалды. Оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысты. Сабақ жақсы деңгейде өткізілді.
Естемесов Тәліпжан Әбдашимович көркем еңбек пәні мұғалімі. 15 –наурыз күні 5 «Б» сынып оқушыларымен «Бұйым дайындау» тақырыбында сабақ өтті. Мұғалім сабақты түсіндіру барысында қазіргі жаңа технологиялардың элементтерін пайдаланды. Бұйым дайындау барысында практикалық тапсырмалар орындалды. Оқушылар қорапшалар жасап және ағашпен жұмыс жасады. Практикалық тапсырмада оқушылардың қызығушылығын оятып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып отырды.

Бақасов Азатжан музыка пәнінің мұғалімі. 16 –наурыз күні 0 «Ә» сыныбымен «Көктем әндері» тақырыбы бойынша сабақ өтті. Мұғалім көрнекіліктерді тиімді пайдалана отырып, тақырып мазмұнын «Әнді сүйсең, менше сүй» деп әнмен ашашты. Сабақ кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін қызықты өтті. Сонымен қатар 17 наурыз сабақтан тыс іс-шаралар өтті «Концерт сабақ» өткізілді.

Апталық барысында өткен ашық сабақтар оқушылардың логикалық ақыл-ойын, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатымен білім беру жүйесінің жаңа әдісі-тәсілдері арқылы жоспарланды. Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу – оқушылардың білім сапасын арттырып, сабаққа қызығушылығын оятып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып отырады. Пән мұғалімдері оқушыларға бағыт – бағдар бере отырып оқушыларға тең серіктес болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап, өз ойын ашық айтуға, сөйлеуге қолдау көрсетіп отырды.
Апталықта өтілген іс-шараларда жақсы жетістікке жеткен оқушылар мадақтамалармен марапатталды.
Ұсыныстар:
1. Пән апталығының өтілуі «жақсы» деп есептелсін.
2. Мұғалімдер жаңа технология элементтерін күнделікті сабақта пайдалансын.

Бірлестік отырысында болған кемшіліктер қаралып, талқыланып, айтылып апталықтың қорытындысы, бір жылғы жұмыстардың нәтижесі жақсы деңгейде өтті деп қорытындыладық. Алдағы уақытта бұдан жоғары деңгейде өткіземіз деп бірлестік отырысында жоспарладық.

Бірлестік жетекшісі: Б.Б.Омарова
















Бірлестік жетекшісі: Б.Б.Омарова
jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx [3,37 Mb] (cкачиваний: 9)
Посмотреть онлайн файл: jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx
jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx [3,37 Mb] (cкачиваний: 9)
Посмотреть онлайн файл: jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx
jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx [3,37 Mb] (cкачиваний: 9)
Посмотреть онлайн файл: jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx
jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx [3,37 Mb] (cкачиваний: 9)
Посмотреть онлайн файл: jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx
jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx [3,37 Mb] (cкачиваний: 9)
Посмотреть онлайн файл: jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx
jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx [3,37 Mb] (cкачиваний: 9)
Посмотреть онлайн файл: jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx
jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx [3,37 Mb] (cкачиваний: 9)
Посмотреть онлайн файл: jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx
jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx [3,37 Mb] (cкачиваний: 9)
Посмотреть онлайн файл: jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx
jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx [3,37 Mb] (cкачиваний: 9)
Посмотреть онлайн файл: jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx
jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx [3,37 Mb] (cкачиваний: 9)
Посмотреть онлайн файл: jestetikaly-brlestk-esep-2022-2023-_balija.docx