Уракбаева Мирамкул Мырзояновна » Ж.Қаипов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ж.Қаипов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Уракбаева Мирамкул Мырзояновна
31
март
2021

Уракбаева Мирамкул Мырзояновна

     Уракбаева Мирамкул Мырзояновна  1964 жылы 5 қарашада Қызылорда облысы,Қазалы ауданында дүниеге келдім.1972 жылы Қазалы ауданындағы №93 орта мектепке 1-сыныпқа бардым.1980 жылы осы мектептің 8-сыныбын бітіріп ,Қызылорда қаласындағы №140 мектепте 9 сыныпта оқып жүріп,Қызылорда музыкалық училищесінің   қобыз класының даярлық курсында оқыдым.1981 жылы осы аталған училищенің 1-курсына қабылдандым. 1985 жылы Қызылорда музыкалық училищесінің халық аспаптар бөлімінің қобыз класын аяқтадым.   Балалар музыкалық мектебінің мұғалімі және халық оркестр дирижері мамандығы бойынша диплом алдым.

      Алғашқы ұстаздық жолымды Қазалы ауданындағы  №140 орта мектептің музыка пәні мұғалімі ретінде бастадым(1985-1990жж).1990 жылдың қаңтар айынан мамыр айына дейін басқа жаққа қоныс аударуыма байланысты Тараз қаласындағы А.Жұбанов атындағы музыка мектебінде қызмет еттім.

1992-1993 жылдар аралығында Есік қаласындағы техникалық   лицейінің музыка пәні мұғалімі боп жұмыс жасадым.

1993-2017 жылдар аралығында Есік қаласындағы Қ.Сатпаев атындағы орта мектепте музыка және тарих пәндерінен сабақ бердім.

2004-2007 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының филология факультетінің тарих-география мамандығы бойынша диплом алдым.

2014-2017 жылдар аралығында Қ.Сатпаев атындағы орта мектепте директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.

01.09.2017-02.04.2020 жылдар аралығында Рахат ауылдық округіне қарасты Рахат№1 орта мектебінде директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.

02.04.2020 жылдан Еңбекшіқазақ ауданы ,Қазақстан ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылындағы «Жүнісбай Қайпов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіндемін.

2014.29.09 – 2015.05-06 аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ  Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалында «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінң Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 640 академиялық сағат көлемінде аяқтадым.

2015 жылы ақпанда «Білім.Таным.тәрбие.» Республикалық ғылыми-педагогикалық  әдістемелік журналына  «Білімдегі жаңа өзгерістер-өмір талабы»атты мақалам жарияланды.

2015 жылы «Оқушы тәрбиесі »журналына «Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары" тақырыбында мақалам шықты.

23.10.2016жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ   Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалында «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алғыс хаты;

08.12.2017 жылы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары»тақырыбында облыстық ғылыми –практикалық конференциясында Алғыс хатпен;

25.09.2017 жылы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Тарих пәнінен үйірме және факультативтік сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі» атты Шеберлік сыныпқа қатысып,Құрмет грамотасымен;

2017 жылы ҚР Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін «Алаш ұстазы» төсбелгісімен;

19.04.2017 жылы «Білім берудің жаңа парадигмасына сай оқыту-білім сапасын арттырудың тиімді құралы» атты облыстық семинарда Дипломмен;

2017 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Алғыс хатымен;

2017 жылдың  мамырында «Ізденіс» Республикалық педагогикалық ғылыми әдістемелік журналына «Білімдегі жаңа өзгерістер-өмір талабы»;

2017 жылдың 3 маусымындағы «Жетісу»газетіне «Кітап кемелдендіреді»;

2017 жылы«Алаш» Республикалық ғылыми-педагогикалық   әдістемелік журналына «Мұғалімнің кәсіби дамуындағы сыншы достың рөлі»;

Сәуір.2018 жылы «PIaton» Халықаралық білім дамыту орталғынан Алғыс хат;

Сәуір.2018 жылы «PIaton» Халықаралық білім дамыту орталғы «Ұстаз мерейі» медалімен;

21.04.2018 жылы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Рухани жаңғыру «бағдарламасы аясында өткен жәрмеңкеде Грамотамен;

2018 жылдың  ақпанында «Ізденіс» Республикалық педагогикалық ғылыми әдістемелік журналына «Жеті модуль-сапалы білім негізі»;

2019жылы «Ұлы дала елінің ұландары» атты облыстық байқауға оқушы дайындағаным үшін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Алғыс хатымен марапатталып ,40000 теңге қаржылай сыйлық алдым.

2019 жылы Аудандық «Шебер класс» алаңы байқауында ІІ дәрежелі  Дипломмен;

2019 жылы Аудандық «Педагогикалық идеялар» фестивалінен І дәрежелі Диплом;

2019 жылы Үштілділік-дәуір талабы,заман қажеттілігі» тақырыбында өткен «ЖМЦ пәндерін оқытуда менторинг жұмысының рөлі» атты облыстық семинар –практикумда Алғыс хатпен;

26.04.2019 жылы «Тарихи таным» факультатив курсына авторлық бағдарлама жаздым. «Атамекен» оқу әдістемелік педагогикалық орталығы баспадан шығарып,республика көлеміне таратуға ұсыныс жасады.

15.11.2019 жылы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өткен «Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім беру сапасы айырмашылықтарын жоюдың педагогикалық жолдары»атты облыстық семинарда Құрмет грамотасымен;

2019 жылы «»Жарқын болашақ»журналының Дипломымен;

29.11.2019жылы «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «музыка» пәні бойынша сертификатталдым. 

2019 жылы Алматы облысының білім басқармасы,  облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Жаңартылған бағдарлама :Ізденіс пен тәжірибе атты жинағында «Сабақты зерттеу біздің тәжірибемізде»атты мақалам жарияланды. 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ  Педагогикалық шеберлік орталығының  жинағына «Әлем өзгеруімен біз де өзгереміз»атты мақалам жарық көрді.

2019 жылы «Жетістігі биік білім ордасы»атты кітапты құрастырдым,жинақта ауданымыздағы Рахат№1 орта мектебі ұстаздароының тәжірибесін жинақтадым.

     Қазіргі таңда әр мектеп өз жобаларымен жұмыс жасауда. 

2019 жылы «7 ойын,7 бекет»атты жобамды жаздым.

Қазіргі таңда мектептің оқу-тәрбие үдерісіне қосуға жұмыс жасаудамын.

   Ұстаздық жолымда республикалық,облыстық,аудандық семинарлар мен вебинарларға қатысып,тәжірибе алмасудамын. Бұқаралық газет –журналдарда кәсіби қызметімнің қыр- сырларын жазып ,жаңартылған білім мазмұнын мектепте ендіруге ,әр сабақты тиімді әдістермен жаңаша өтуге өзімнен кейінгі жас буындарға тәлімгерлік жасап,заманауи мектеп көшіне ілесуге қызмет етудемін. 

  Аудан әкімдігінің,аудандық ,облыстық білім бөлімінің марапаттарын алдым.

     Сонымен қатар, оқушыларым аудандық, республикалық пән олимпиадалары мен «Дарын» ғылыми конференцияларына,интеллектуалды ойындарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. 

 «Кім алдына қарай жылжымайды,оның артқа кеткені ,бір орында тұрып жылжу мүмкін емес»деп В.Г.Беленский айтқандай білім саласындағы алға ілгерілеу көшінен қалмау өмір талабы демекпін.

Отбасылық жағдайым тұрмыстамын 3 балам,1 келінім,3 немерем бар.

Похожие публикации: